баққаны — қазақтың кең жері. Қазақты осы жер бетінен жойып жіберуден
аянар ешқайсысы жоқ. Осындай өлім мен өмір жаналқымнан алған кезде
халық ішінен суырылып шығып, елдің басын біріктіріп, қол бастап, халқына
қамал болу, мемлекетінің іргесін шайқалтпай сақтап тұру кез келген қас
батырдың қолынан келмейтін құдірет еді.
Осылай мемлекет жан-жақтан жау қыспағында қалғанда ел тізгін ін
ұстап, қалайда жерінді шауып алайын деп арандай аузын ашқан қалың қол-
ды басқыншыларға төтеп беріп, төзуге ерік-жігері елден ерек басшы керек.
Сондай мәртебеге ие болған Абылай еді.
Абылай хан жоңғарларды жеңген соң Қытай мен Ресей секілді ірі мемле-
кеттерден іргесін алыс салмай, бей біт қарым-қатынас ж асап, екі
императордың да бірде анаусының, бірде мынаусының көңілін аулап отыр-
ды. Ал шын мәнісіне келгенде, сөз жүзінде ғана солардың құзырындағы ел
сияқты саясат ұстады. Ол ек еуін ен де кез келген уақытта қазақтарға
жаугершілік қауіп төнетінін білді. Сөз жоқ, сол кезде Абылай ұстаған бұл
саясат қазақ халқының ұлттық қауіпсіздігін әрі тәуелсіздігін сақтаудағы
бейбітгерлік саясат еді. Осы ұстамды саясатымен екі алпауыт мпериямен де
бейбіт келісім-шартқа қол жеггі.
Қазақ даласының тарихында дәл Абылай секілді халықтың ыстық ықыла-
сты сенім іне ие болған м әртебесі биік басқа хандар бар ма? Әіі, ж оқ та
шығар. Өйткені, ол ел шетіне қандай жау келсе де, кеуде тосып төтеп бере
алатын, уық-керегесі берік бір шаңырақ астына біріккен біртұтас мемлекет
құруға бар пәрменін салды.
Академик В. В. Бартольд Абылайхан туралы былай түжырымдайды.
“XVIII ғ Орта жүз хандарының ішіндегі ең айбындысы — Абылайхан” Ал,
Шоқан Уәлихановтың “Абылай дәуірі - казақтың каһармандық д әу ір і” д е
ген сөзі Абылайға орнатылған алып ескерткіш десек те болады.
Достарыңызбен бөлісу: |