Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет128/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   188
4.3.12. Еңбек кітапшасы 
 
 
Қолданыстағы  еңбек  заңдарына  сəйкес  еңбек  кітапшасы 
қызметкердің  еңбек  қызметі  жəне  еңбек  өтілі  туралы  негізгі  құжат 
болып табылады.  
 
Жұмысқа  қабылданған  адам  кадр  қызметімен  айналысатын 
адамға  еңбек  кітапшасын  тапсырады,  ал  жұмысқа  алғаш  кірісіп 
отырған жəне еңбек кітапшасы жоқ адам осы жерде еңбек кітапшасын 
ашады. 
 
Еңбек  кітапшасында  қызметкердің  бүкіл  қызмет  істеген 
орындары,  атқарған  лауазымы  мен  марапаттаулары  толтырылып 
отырады.  
 
Еңбек  кітапшаларымен  жұмыс  жүргізу  жəне  оған  тиісті 
жазбаларды  енгізу  тəртібі  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  жəне 
халықты  əлеуметтік  қорғау  министрінің  міндетін  атқарушының  2005 
жылғы  24  наурыздағы  №  75-п  бұйрығымен  бекітілген  «Е бек 
кітапшаларын ж3ргізу мен са тау ережесіне» негізделуі тиіс.  
 
Жеке еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскердің еңбек 
жолын  куəландыратын  құжаттарды  талап  етуге  құқылы.  Еңбек  жолын 
куəландыратын негізгі құжат еңбек кітапшасы болып табылады. 
 
Еңбек кітапшасына мынадай мəліметтер енеді: 
 
- қызметкердің өзі туралы мəліметтер: фамилиясы, аты, əкесінің 
аты, туған жылы мен датасы, білімі, кəсібі, мамандығы; 
 
- атқарған жұмыстары туралы мəліметтер: жұмысқа қабылданған 
уақыты,  жеке  еңбек  шартының  мерзімі,  жеке  еңбек  шартының 
тоқтатылуы немесе бұзылуы; 
 
-  еңбектегі  табыстары  үшін  ордендермен,  медальдармен  жəне 
ұйымның, 
кəсіпорынның 
ішкі 
еңбек 
тəртібі 
ережелерінде 
қарастырылған 
ынталандыру 
сыйлықтарымен, 
ақшалай 
сыйлықтармен,  жеке  еңбек,  ұжымдық  келісім-шарттарға,  сондай-ақ 
жұмыс  беруші  тарапынан  жасалған  нормативтік  актілерге  сəйкес  өзге 
де ынталандырулармен марапатталуы. 
 
Жеке  еңбек  шартын  жасау  немесе  оны  тоқтату,  бұзу,  өзге 
жұмысқа ауыстыру, марапаттау, ынталандыру жөніндегі жазбалардың 
бəрінде  сандық  көрсеткіштер  араб  цифрымен  (күні,  айы  екі  цифрлы 
көрсеткішпен,  жылы  толық  көрсетіліп)  беріледі.  Аталмыш  жазбалар 
жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартын тоқтату жəне 
бұзу т.б. туралы бұйрығына сəйкес жүргізіледі.   


 
154
 
Қызметкердің  еңбек  жолын  куəландыратын  құжаттар  еңбек 
кітапшасы  немесе  жеке  еңбек  шарты,  еңбегі  туралы  анықтамалық, 
жұмысқа  қабылдау  жəне  жұмыстан  босату  туралы  бұйрықтардың 
көшірмелері  болып  табылады.  Бұл  құжаттар  жұмыскердің  еңбек 
стажын  неғұрлым  нақты  да  айқын  көрсетуі  тиіс.  Жалпы  еңбек  стажы 
жұмыскерді келешек зейнеткерлік қамтамасыз ету үшін қажет. 
Қызметкердің  еңбек  кітапшасына  өзге  жұмыс  беруші  шығарған 
бұйрықтар  көшірмелері  негізінде  оның  атқарған  қосымша  жұмыстары, 
лауазымдық қызметтері туралы жазбалар ендіріледі. 
Қызметкерге  қатысты  тəртіптік  жазалар  (сөгіс,  ескерту)  қолдану 
туралы жазбалар еңбек кітапшасына жазылмайды. 
Еңбек  кітапшасына  жұмысқа  қабылдау,  жеке  еңбек  шартының 
мерзімі, марапаттаулар мен ынталандырулар туралы жазбалар жұмыс 
беруші  тарапынан  бұйрық  шыққаннан  кейін  бір  аптадан  артық 
кешіктірілмей  жазылады.  Ал  жеке  еңбек  шартын  тоқтату  немесе  бұзу 
туралы  жазбалар  еңбек  кітапшасына  бұйрық  шыққан  күні  түсіріледі. 
Жазбалар бұйрық мəтіндерімен дəлме-дəл сəйкес болуы тиіс. 
Еңбек  кітапшасын  толтыруға  байланысты  мынадай  ережелер 
белгіленген: 
- қызметкер жөніндегі мəліметтерді ендіру; 
- жұмыс жөніндегі мəліметтерді ендіру; 
-  марапаттаулар  мен  ынталандырулар  жөніндегі  мəліметтерді 
ендіру; 
- еңбек кітапшасын жұмыстан босатылған кезде толтыру; 
- еңбек кітапшасының жапсырмасын толтыру; 
-еңбек  кітапшасының  төлнұсқасын  (дубликатын)  беру  (төлнұсқа 
еңбек  кітапшасы  жоғалған  жағдайда,  табиғи  апат  кездерінде  жəне 
басқа  да  қызметкерге  қатыссыз  болатын  жəйттерге  байланысты 
беріледі). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет