Электрондық құжат үшін құжаттың түпнұсқа екендігін растауға
мүмкіндік беретін құрал қажет. Яғни, ол электрондық құжатқа бөгде
адамның қандай-да бір өзгеріс енгізбегендігін жəне құжатты нақты сол
ұйымның жіберіп отырғанын дəлелдеуі керек. Бұл үшін электрондық қ
қолтаңба пайдаланылады.
Электрондық құжат айналымы мен электрондық цифрлық
қолтаңба жүйесінің тəртібі Қазақстан Республикасының «Электрондық
құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңында
реттелген. Заңда электрондық цифрлық қолтаңбаға былайша
анықтама берілген: «электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық
цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған жəне электрондық
құжаттың
дұрыстығын,
оның
тиесiлiлiгiн
жəне
мазмұнының
өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi».
Электрондық құжатты рұқсат етілмеген кіруден сақтау үшін
ақпаратты криптографиялық өңдеу немесе шифрлау əдістері
қолданылады.
Электрондық қолды криптографиялау екі түрге бөлінеді:
симметриялық кілт жəне ашық кілт.
Симметриялық
кілтпен
криптографиялағанда
электронды
хабарламаны жөнелтуші де, алушы да шифрлау үшін де, ашу үшін де
бірдей ортақ кілтті пайдаланады.
Ашық кілтпен криптографиялағанда екі кілт пайдаланылады:
ашық кілт жəне өз иесіне ғана мəлім құпия кілт.