5.5. Құжат айналымының көлемін есепке алу
Құжат айналымының көлемі – кəсіпорынға келіп түскен жəне
белгілі бір мерзім ішінде, əдетте бір жылда жасалған құжаттардың
саны. Кəсіпорында құжат айналымы көлемін есептеу өңделетін
ақпараттың шартты көлемін жəне бөлімшелер мен жекелеген
қызметкерлердің жұмыс жүктемелерін анықтау, іс қағаздарын жүргізуді
жетілдіру бойынша шараларды жобалау үшін қажет.
Құжат айналымының көлемін анықтау кезінде мазмұнына,
авторына, көлеміне, көшірмесіне, тіркеу нысанына, оны қараған
адамдарына жəне басқаларына қарамастан, барлық құжат есепке
алынады. Келіп түскен жəне шығыс құжаттар жеке қарастырылады.
Көшіру құралдары арқылы жасалған құжаттар көшірмелері бөлек
есептеледі. Мекеменің бір жыл ішіндегі құжат айналымының көлемін
анықтау үшін кіріс, ішкі жəне шығыс құжаттардың барлығын қоса
есептеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |