Асептика және антисептика ережелерін сақтау


Пакетті пайдалану ережесі



бет2/4
Дата20.04.2020
өлшемі53,62 Kb.
#63131
1   2   3   4
Байланысты:
Асептика және антисептика

Пакетті пайдалану ережесі:

  • резиналы жамылғының шетін тігілуі бойынша қағаз тысты ашады;

  • таңғыш материалды жастықшаның ішкі жағына, яғни жараға қойылған жоғарғы бетіне қол тигізбей жазады;

  • егер тесіп өткен жара болса, онда жастықшаның бірін аузына, ал екіншісін астыңғы саңлауға қояды. Бүдан кейін екі жастықшаны да орап, дәкенің шетін түйреуішпен түйрейді.

Алгашқы көмек көрсету кезіндегі негізгі міндеттер мыналар: қанның ағуын тоқтату, жараны ластану мен жүқтырудан қорғау, қан кеткен кезде пайда болатын ауруларды ескертуге бағытталған шараларды жүргізуі.

Жаралыларды дәрігерлік көмек көрсету үшін хирур-гиялық стационарға жеткізу.

Жарақаттанудан кейін алғашқы сәтте қанның ағуы айырықша қауіпті, сондықтан да кез-келген ықтимал әдіспен канды тоқтатуға тырысу керек: күйдіргі, тамыр-ды қысу, қатты таңғышпен таңып тастау.

Болмашы жаралыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету кезінде жараны мүмкіндігінше ыстық сумен, ал бар болса, сутегі тотығымен шаяды. Бүдан кейін сыдырылған жерге йод немесе тотыяйын, яғни (зеленка) жағады, үлкен жараны йодпен шаюға болмайды, ойткені ол денені қатты ауыртуы мүмкін, сондықтан оны шет жағынан ғана жағады.

Қан кеткен кезде жарақаттанушыны мидың анами-ациясынан (қанның азаюы) ескерту мақсатында тегіс жерге жатқызу қажет. Адамды есінен танатындай қан коп кеткен кезде, оның екі аяғын көтеріп жатқызады. Кейде -жарақаттанған адамды басын томен қаратып котереді, бүны “қанды озіне-өзі қүю” деп атайды. Осы арқылы кеудеге, миға, бүйрекке және басқа омірлік маңызды органдарға қанның келуін уақытша қолдауға мүмкіндік туады.

Инфекцияны жараға отуін тоқтататын ең қарапайым әдіс, ол – жараны дер кезінде таңып тастау. Таңғыш жараның бірқыдыру тазалануына ықпал етеді, жараға енген микробтарды сорып алады.

Жарақаттанған, сондай-ақ күйген және үсік шалған кезде профилактикалық құрыспаға қарсы емдік сарысуларды ішкізеді. Ірің инфекциясы мен газ гангренасын ескертетін жақсы дәрі-дәрмек жарақаттан соң, алғашқы сағаттарда енгізілген антибиотиктер болып табылады. Жара инфекциясының жайылуын ескертудің ең сенімді әдісі – жансызданған үлпа мен жараға түскен бөгде затты алып тастап, емханаға жонелту.

Барлық жарақатқа тазартылған таңғыш қояды. Таңғыш материал гидрокопиялық болуға, жарадан ылғалды, қанды-іріңді жақсы сіңіргіш болуға тиіс.

Негізгі таңғыш материалдар дәке, ақ мата, бинт, байлауыштар болып табылады.

Алғашқы медициналық көмек керсету кезінде қол астында табельдік таңғыш заттар болмаса, онда үйде бар материалдарды пайдалануға болады: мата, жайма, жейде. Тазаланған таңғыш материал жетпеген жағдайда оны таңғыштың алғашқы белігіне ғана пайдаланып, үнемдеген жөн, ал екінші қабатына тазаланайтын таңғыш материалды орау керек. Жараны микробтардан зақым-данудан сақтауда және жара инфекциясымен күресте антисептіктер мен асептиктер маңызды роль атқарады.

Таңғышты ораған кезде негізгі міндетті ережелерді ұстану қажет. Таңған уақытта жанға қатты батпау үшін дененің зақымданған бөлігін үстап түру керек. Бинтті оң қолмен жоғары қарай тарта үстап, сол қолмен таңғышты үстап, оның қыртысын жазып отыру керек. Бинтті солдан оңға қарай жарақаттың үстінен тоқтатпай орайды. Таңғышты оның қан айналымын бүзбау үшін, аса қатты байламау керек. Жарақаттан кейн бірінші рет қойылған таңғыш бастапқы тазартылған таңғыш деп аталады. Алғашқы дәрігерлік көмекті көрсеткен кезде, бастапқы таңғышты қоюдан бұрын сырқаттың жанын ауыртпай және жараны зақымдай, оның бетін ашу қажет. Сыртқы киімді шешеді немесе тігісі бойынша кеседі. Ең әуелі дененің сау жағындағы киімді содан кейін ауырған жағындағы киімді шешеді.

Бастың шайқалуын болдырмау үшін, жастық немесе мақта мен дәкеден істелінген жүмсақ төсем қояды. Жарақат кезінде қүсықтың келуі түншықтырмас үшін сырқатты бір жанына жатқызу керек. Сонда аурудың хал-ахуалын бақылауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет