Асептика және антисептика ережелерін сақтау



бет3/4
Дата20.04.2020
өлшемі53,62 Kb.
#63131
1   2   3   4
Байланысты:
Асептика және антисептика

Қанның ағуы.Қанның ағуы жарақаттың ушығуы, адам өмірі үшін қауіпті болып табылады. Зақымдалған тамырдың сипа-тына байланысты қанның ағуы күре тамырлық, үсақ тамырлық және үлпершіктік болып бөлінеді.

Күре тамырдан қан ол зақымдаған кезде ағады. Қанның бүлайша ағуы өте қауіпті, өйткені қысқа мер-зімде организмнен қан өте көп кетеді. Белгілері: қан алқызыл түсті, қан баяу ағады немесе атқылайды.

Көк тамырдан қан зақымдалған кезде ағады. Қан бірқалыпты үздіксіз ағыспен баяу шығады, түсі – қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл.

Ұсақ тамырлардан қан ағу дененің жүмсақ үлпа-ларының үсақ тамырлары зақымданғанда байқалады. Зақымданған ішкі органдардағы үсақ қан тамырларының қанның ағуы (бүйрек, көкбауыр, бауыр) үлпершекті деп аталады.

Күре тамырдан аққан қанды тоқтату алғашқы дәрі-герлік көмектің негізгі міндеттерінің бірі. Күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатудың ең белгілі және жылдам әдісі – зақымдалған күре тамырдың жоғары жағынан саусақпен басу. Тамырды басуды қан тамыры сүйектің жанына немесе үстінен өтетін түстан жасаған оңай.

Ұйқы күре тамырын оны зақымдалған жерден төмен (жүрекке жақын) мойынның жүлыннан қысады. Бүдан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, содан соң жараға тазартылған, қысатын танғыш қойып, оның үстіне бинттің, салфетканың, мақтаның немесе қолда бар заттың қалың, нағыз кесіндісін салып орайды.

Шықтың күре тамырын беттегі жарадан қан аққан кезде сүқ саусақпен шықшыттың бүрышына қысады.

Самай күре тамырын бас бармақпен қүлақ қалқаны-ның алдынан самай сүйегінен қысады, баста қанауға бейім жара болғанда. Саусақты одан 1-1,5см қашықтықта үстау керек.Тақымдық күре тамырды бүғананың астындағы шүңқырда бірінші қабырғаға қысады, Бұл қан ағуға бейім жарақат. Иықта, иық буынның маңайында немесе қол-тықтың астында болғанда қолданылады.

Иық күре тамырының, егер қан ағуға бейім жара иықтың төменгі бөлігінде немесе білекте болса, екі басты бүлшық еттің бүйір жағынан ортан жілікке қысады.

Қолтық күре тамыры – иықтың орта және томенгі бөлігінде. Жарадан қан аққан кезде ортан жіліктің шы-ғыңқы басына қысады (иық буынның жоғары жағында сүқ саусақты тіреніш ете отыра қалып, саусақпен күре тамырды қысады).

Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын, орта және төменгі тұстағы сан күре тамыры зақымданған кезде түйілген жүдырық пен баса отырып, маңдай сүйегіне қысады.

Кәрі жіліктің күре тамырының үшы зақымданғанда басбармақтың білезігінің жанындағы сүйекке қысады.

Қанның аққан жері бойынша ол сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қан ағу аяқ-қол, бастың маңайы жарақаттанғанда жиі кездеседі, ішкі қан ағу, жүрек, өкпе, бауыр, көк бауыр, ішек-қарын тамырлары зақымдан-ғанда пайда болады. Қан кеуде, іш, бас қуысынан сыртқа ағып шыққанда анық байқалады, ал қан жабық қуыстарға жиналса, көпке дейін білінбейді.

Сирақ немесе табан төңірегінде орналасқан жарадан қан аққан кезде тізе шүқырындағы күре тамырды қысады, сол үшін үлкен саусақтарды тізебуынның алдыңғы жағының үстіне қояды, ал қалғандарымен тамырды сүйекке қысады.

Қан тамырдың саусақпен басу едәуір күш-жігерді қажет етеді және оны күшті жақсы әзірленген адам жасағанның өзінде 15-20 минуттан артық үстап түра алмайды. Сондықтан да тамырды саусақпен бірден басып, мүмкін болса күйдіргі немесе бүрау қою қажет.

Тамшылап аққан қанды тоқтату үшін, кәдімгі тазар-тылатын таңғышты, мүмкін болса, қысатын таңғышты, қою жеткілікті. Таңғышқа қан кебірек сіңсе, қайтадан орау қажет. Шынтақ буыны төңірегіндегі иық күре тамырын шынтақ буынында қолды ақырына дейін бүру арқылы жабуға болады.

Көк тамырдан және ұсақ тамырлардан қан аққан кезде, тазартылған таңғышты қолданады, зақымдалған жерді қатты байлап тастайды, аяқ-қолды көтеріп қояды.

Барлық жағдайларда дененің сыртқы жағына қан аққан кезде дене мүшелеріне қан тоқтататын күйдіргіні, басқа қагты таңғыш орау арқылы қанды уақытша тоқ-татуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет