Асептика және антисептика ережелерін сақтау



бет4/4
Дата20.04.2020
өлшемі53,62 Kb.
#63131
1   2   3   4
Байланысты:
Асептика және антисептика

Қан құю туралы түсінік

Қанның ағуымен және қанның аздығымен күрестің ең жақсы тәсілдерінің бірі стационар жағдайында емдеу, ал тіпті өте қиын жағдайларда жедел көмек машинасында жүргізілетін қан қүюы болып табылады.

Қан қүю – деп сырқаттың (реципиенті) қан тамыр-ларының ішіне басқа адамның қанын қүю (донор) аталады. Қан қүю адамдарда қанның терт тобы анық-талғаннан кейін мүмкін болды. Егер адам қандары бір топта болса, онда олардың қанын бір-біріне қүюдың қаупсіз екендігі дәлелденген.

Әрбір топқа шартты белгі берілген: 0(1), А(2), В(3), АВ(4) қанды жан жақты зерттеу әр топтың өзіндік қасиеттері бар екендігін көрсетті, осылайша О(І) топ-

тағы донорлық қанды кез-келген топтағы сырқатқа құюға болады, АВ(4) топтағы қанды тек АВ(4) топтағы сырқатқа құюға болады. О(І) топтағы қаны бар сырқат-тарға тек қана 0(1) топтағы қанды ғана құюға болады, ал АВ(4) топтағы қанды бар сырқаттарға кез келген топтың қанын құюға болады.

Топтары сәйкес келмейтін қанды бір-біріне құю ауыр салдарға және сырқаттың өліміне алып келеді. Сон-дықтан, қан құюды бастардан бұрын, сырқат қанының тобын және құйылатын қанның тобын дәл анықтау қажет. Қанның тобын анықтау зертханаларда жүргізіледі.

Қанды күре тамырға, көк тамырға құюға болады, қан құю жүргізу тәсілі бойынша, ол тамшылай және сыз-дықтап құю болып бөлінеді.

Қан құюға айғақ болып табылатын белгілері:



  • қанның өте аздығы;

  • коллапс;

  • созылмалы қажытатын аурулар, интоксикация, қан ауруы;

  • қатты улану (у, газ);

  • әлсіреген сырқаттарды операцияға даярлау;

  • қанның ағу жүйесінің бұзылуы.

Қан қүюға жатырқаушылық белгілі ретінде бүй-ректің, бауырдың қатты ауруы, жүректің қабынуы, миға қан кету және бас сүйегінің жарақаты жатады.

Реанимация, латын сөзі, тірілу /оживление/ түсінігін білдіреді, яғни жұмыс істеу қабілеті бүзылған немесе тоқтап қалған адам организмінің жұмысын қалпына келтіруді айтады. Бұл шара клиникалық өлімде, тыныс алуы тоқтаған, қан айналысы бүзылған жағдайда дереу қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет