Асфендияров 2-том indd


ДӘрІГЕрлІК ИНСТИТУТыНА ЕҢБЕКШІлЕр



Pdf көрінісі
бет19/171
Дата11.04.2024
өлшемі1,77 Mb.
#200713
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   171
Байланысты:
asfendiiarov sanzhar shygarmalary tom 2

ДӘрІГЕрлІК ИНСТИТУТыНА ЕҢБЕКШІлЕр 
ЖҰрТШылығыНыҢ КҮШ, КӨМЕГІ КҮШЕЙСІН
69
Қазақстанда өткен екі жарым жылдың ішінде жоғарғы дәреже- 
лі оқу орындары төмендегідей болып өсіп отыр: 1928-жылдың 
бірінші ноябрінде Қазақстанның мемлекеттік университеті (қа- 
зіргі оқытушылар дайындап шығаратын институт) ашылды, онда 
университеттің бір бөлімі болып, 120 студент оқыды, 12 білім 


64
қызметшілері (профессорлар) болды, университеттің жылдық 
бюджеті. 200 000 сом болды, осы үстіміздегі 1931-жылдың бірін-
ші апрелінде Қазақстанда бес жоғарғы дәрежелі оқу орындары 
құрылды, олар: оқытушылар дайындайтын (бұрынғы универси-
тет), мал дәрігерлерін дайындайтын, ауыл шаруашылық маман-
дарын дайындайтын институттар мен Қазақстанда коммунистер 
университеті, жақында дәрігерлік институт ашылды, бұл бес ин-
ститутте 2000 студент оқиды. Жоғарғы дәрежелі білімді 100 про-
фессорлары бар, жоғарғы дәрежелі мектептердің жылдық бюд-
жеттері бес миллион сомнан артығырақ. Жоғарғы дәрежелі оқу 
орындарының өсу қарқыны бұдан бұрынғы кездерде жер жүзінде 
болмаған қарқын. Бұл да біздің социалдық құрылысымыздың бір 
тараулы бұтағы; бұл да социалистік құрылыс дәуіріндегі игілікті 
істеріміздің орасан алға кетіп отырғандығына дәлел бола алады, 
орталық партия комитеті мен орталық бақылау комиссиясының 
декабрь алдында болған пленумі, – артта қалған кеңесті күн 
шығыс республикаларында, оның ішінде Қазақстанда социа-
листік құрылыс істері өсіп, өркендеп отыр. Социалдық құрылыс 
дәуірінің қандай істерін болса да жүзеге асыруға мүмкіндіктер 
туғызып отыр деді.
Ендеше, жоғарғы дәрежелі оқу орындарының өсіп алға ке-
туі, – Қазақстан ауыл шаруашылығының соңғы жылдың ішін-
де социалдық негізі мен қайта құрылып жатқандығын сипат-
тайды. Осы жетіскендіктердің арқасында бұрын артта қалған 
Қазақстанның көшпелі, шала көшпелі ауылдарының шаруашылық 
жұмыстары қайтадан құрылып жатыр. Біз социалдық қайта 
құрылыс негізінде пайдаланылмай жатқан бос жерлерді іске асыру 
мәселесін іс жүзінде шешіп, оларды социалдық дәуірдің мәшинелі 
өндірістің ошағы етіп отырмыз (Қарағанды-Қоңырат кендері) 
бұл жағдайларда біздің жоғарғы дәрежелі мектептеріміздің жыл 
санап өсуі, айта қаларлықтай-ақ іс; пролетариат жұртшылығын 
қуантатын іс, жоғарғы дәрежелі оқу орындарын құрула ірі-ірі та-
быстарымыз бола тұрса да, кемшіліксіз емеспіз; көмекті кемшілік-
теріміз де бар, бір-ақ, оған тоқтап жатудың аса қажеттігі жоқ.
Қазақстанда адам дәрігерлерін дайындау мәселесі жаңадан 
қолға алынған жаңа мәселе, бұл мәселе жөнінде біздің Қазақстан 
әзірше мақтана алмайды. Істелмей жатқан жұмыс, кемшілік-
тер көп, сондықтан адам дәрігерлерін дайындау ірі қарқынға 
түсіретін аса керекті мәселенің бірі. Қазақстанның қазіргі екпін-
ді социалдық құрылыс істері бұл мәселені еріксіз тудырып отыр, 
жергілікті ұлт еңбекшілерінен адам дәрігерлерін дайындау өте 


65
қажет болып отыр. Ендеше, осы 1931-жылдың бірінші апрелін-
де ашылып отырған Қазақстан дәрігерлік институтын
70
Қазақстан 
еңбекшілерінің жаңа тілегі, социалдық құрылыстағы екпінді істері 
ашылып отыр деп ұғынуға керек. Олай болса, жаңа қолға алынып, 
ашылып отырған институтының жұмысын лезде жолға қойып, жі-
беру оңайға соқпайды, институт ашылды, іске кірісті, енді соған 
алдымен Қазақстан жұртшылығының күш көмегі, жәрдемі керек, 
институтқа тұрғылықты үй, оқу құралдары-аспаптары, оқытушы 
профессорлар керек. 
Біз қазір тиек дәрігерлік институтының іргесін қалап, негізін 
орнаттық, енді алға бастыру міндеті тұр. 
Қазақстан еңбекшілерінің жоғарғы дәрежелі оқу орында-
рын құру жөнінде алған екі жылдық тәжірибесі бар. Осы екі 
жылдық тәжірибелі жұмысымызды мына жаңадан құрылып 
отырған дәрігерлік институтында қолдануымыз керек. Бұларды 
(оқытушылар дайындайтын институт пен ауыл шаруашылық инс-
титуттарын) құру жөнінде болған қателіктерді, нәтижелі істеріміз-
ді қолдана отырып, дәрігерлік институтының ісін аяққа бастыруы-
мыз керек. 
Даярланатын мамандарымыздың саны мен қатар сапасы ке-
рек, бұны әр бір еңбекші пролетариаттарымыз жете ұғынулары 
керек. Пролетариат мамандарын дайындау мәселесі, негізінен 
төңкерісшілдік жұмыс; социалдық қайта құрылыс дәуіріндегі 
күрделі іс бұнда өлкелі партия комитетінің жаңадан пролетари-
ат мамандарын дайындау және ол орыс ұлтшылдығы жергілікті 
ұлтшылдықпен күресу жөніндегі қаулысын большевикше ұғынып, 
большевикше іске асыра білуіміз керек. Дәрігерлік институтының 
студенттері арасында интернационалдық, большевиктік тәрбиені 
күшейту қатты қолға алыну тиіс. Сөйтіп институттарымыз өлкелік 
партия партия комитетінің көрсетіп отырғанындай шын пролета-
риат студенттері болып шықсын. 
Институт жұмысына кірісті, оқу жүргізіле бастады. Жалпы 
Қазақстан еңбекшілері институт алдына таудай-таудай міндет-
тер қойып отыр, институт сөз жоқ бұлардың бәрінде комунис 
партиясының жолбасшылығы арқасында орындап шыға алады; 
шығады да. Бірақ институт сыртқы пішініне сәйкес, ішінде игілік-
ті ісі керек. Оқу құралдары, білім иелері қызметшілері керек, ен-
дігі жерде бұл жақтағы жаны қолға алынсын. 
Егер институт ісіндегі қазіргі кемшіліктер осы айтылғандай 
болып түзелсе, алға қойылып отырған міндет сөзсіз орындалады. 
Еңбекші қазақ. 1931 ж. 25 апрель. №1984. 


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет