Ақша қаражаттарының қозғалысы есептілігін талдау



бет1/6
Дата01.06.2022
өлшемі1,47 Mb.
#145738
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
50 Сурак ГОС

Ақша қаражаттарының қозғалысы есептілігін талдау

  • Сакибаева Құралай Сарсембаевна
  • (ФИО преподавателя)
  • keroline80@mail.ru
  • (Электронная почта преподавателя )
  • Лекция №5
  • 2 академиялық сағат

Дәріс жоспары: 1. Ақша қаражаттарын талдау және ақша ағымдарын басқару 2. Ақша қозғалысы туралы есептілікті талдау

1. Ақша қаражаттарын талдау және ақша ағымдарын басқару

  • Ақша қаражаттары - ағымдағы активтердің ең өтімді активтерінің бөлігі –айналым капиталының құраушысы болып табылады. Ақша қаржаттарына кассадағы ақша, есептік арнайы, валюталық және депозиттік шоттардағы ақшалар жатады.
  • Ақша қаражаттарын талдау және ақша ағымдарын басқару дегеніміз ақша қаражаттарының айналым уақытын (қаржылық циклды) анықтаудан, ақша ағымдарын талдаудан, оны болжамдаудан, ақша қаражаттарының оңтайлы деңгейін анықтаудан, ақша қаражаттарының бюджетін құрастырудан және т.б. тұрады.

1. Ақша қаражаттарын талдау және ақша ағымдарын басқару

  • Ақша қаражаттарын талдаудың негізгі міндеттері болып :
  • Кәсіпорын кассасында қолма қол ақша құралдарының және бағалы қағаздарының сақталуына жылдам, күнделікті бақылау жасау;
  • Ақша құралдарын тек мақсаттық бағыты бойынша пайдалануға бақылау жасау;
  • Бюджетпен, банктермен және жеткізушілермен дер кезінде және дұрыс есеп айырысуға бақылау жасау;
  • Сатып алушылар мен жеткізушілермен келісім шартқа сәйкес орнатылған есеп айырысу формаларын сақтауға бақылау жасау;
  • Уақытында төленбеген қарыздарды болдырмау үшін дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысуды дер кезінде салыстырып отыру;
  • Кәсіпорынның абсолютті өтімділік жағдайын диагностикалау;
  • Кәсіпорынның орнатылған мерзімде туындаған міндеттемелерді өтеп отыру мүмкіндігін болжамдау;
  • Кәсіпорынның ақша ағымдарын сауатты басқаруға көмектесу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет