Математикалық сауаттылықты бағалауда да PISA тестері оқушылардың мектеп бағдарламасын қаншалықты деңгейде білетіндігін тексермейді. Мұнда жеке тұлғаның математиканың өмірде алатын рөлін түсініп, өз өмірінде туындаған проблемаларды шешуде, әртүрлі ситуацияларда математикалық білімдерді қолдануы (математикалау) қарастырылады: әртүрлі шешімдерді ой елегінен өткізу, оларды сараптау мен талдау, шешім жасағанда интуицияны қолдану.
Сонымен PISA бағдарламасы ұғымында математикалық сауаттылық дегеніміз адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыруда математиканы, математикалық ұғымдарды қолдануы. PISA тестері оқушыларға оқу ситуацияларын бермей, күнделікті өмірде жиі кезігетін (медицина, мекен-жай, спорт, т.б.) практикалық ситуациялардың шешімін табуды ұсынады. Бұларды шешуде оқушы тек математика бойынша білімін ғана емес, сонымен бірге басқа білім салаларындағы білімдері мен біліктерін қолдануы қажет (физика, биология, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |