Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет237/314
Дата29.05.2020
өлшемі0,52 Mb.
#71580
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   314
Байланысты:
А.Әлімов Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану.doc.doc (копия)

Атаулар туралы үш сұрақ – бұл тәсіл «Алдын-ала берілген атаулар» тәсіліне ұқсас.

Оқытушы сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, студенттерге осы атауларға қатысты келесідей сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:



1. Бұл терминдерді Сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

2. Өз тәжірибеңізден осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3. Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты студенттердің жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша не жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін оқытушы бірнеше студенттің пікірін тыңдайды.

Оқытушының сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.


Еркін жазу – студенттердің тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл.

Студенттер берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек. Еркін жазудың ережелері:



  • толассыз жаза беру керек;

  • егер ой келмесе, «не жазарымды білмей отырмын» деген сыңайда жаза беру керек;

  • қате туралы ойламау керек, өйткені мұнда студенттер өзінің ойлау процесінің хатшысы іспеттес болуы керек.

Жазу жұппен немесе шағын топ ішінде талқылау мен пікірлесумен жалғасады. Сабақтың соңында жазбаға қайтып оралып, оған түзетулер мен толықтырулар енгізу орынды. Студенттер осы әрекет арқылы сабақ басында және соңында өз білімдері мен ойларын салыстыру мүмкіндігіне ие болады.

(Бұл тәсіл P.Elbow. Toward a Phenomenology of Freewriting. Journal of Basik Writing, 8, no.2, 1987. келтірілген).


Болжау.

Тақырып атауы келтірілгеннен кейін студенттерге «Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады (қандай тақырып маңайында өрбиді, қандай негізгі мәселелер көтеріледі, т.с.с.)?» деген сұрақ қойылады. Студенттер осы сауал төңірегінде ойланып, өз ойларын ортаға салады.

Кейінірек оларға «Сіздердің болжауларыңыз тура келді ме, жоқ па? Неліктен деп ойлайсыз?» деген сұрақ қойған орынды.

Болжауды лекция бөлімдерінің арасында да қолдануға болады: «Лекцияда ары қарай қандай мәселе сөз болады деп ойлайсыздар?»

Бұл жерде, әрине, мәселе студенттер болжауының дөп тиіп, дұрыс болуында емес, ең бастысы олардың тақырып бойынша белсенді түрде ой қозғауы. Мұнда бұрыс жауаптардың өзі де ұтыс жағдайында болады: есесіне студенттер сабақ барысында өз қателерін өздері түзетеді.

(Бұл тәсіл Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сыни ойлауды дамыту әдістері. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген №2 оқу құралы. - Алматы, 1998. - кітабында келтірілген).

2. Білім құрастыру немесе Мағынаны ажырату

кезеңінде қолданатын тәсілдер


Сабақтың бұл кезеңінде оқытушы студенттерге білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Студенттер жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

Студенттер бұл кезеңде «Қалайша жаңа білімге үйренемін/түсінемін/ игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым/түсінігім/қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет