Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Портфолионы оқу процесіне қалайша енгізуге болады?



бет182/314
Дата29.05.2020
өлшемі0,52 Mb.
#71580
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   314
Байланысты:
А.Әлімов Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану.doc.doc (копия)

Портфолионы оқу процесіне қалайша енгізуге болады? Бұл үшін келесідей әрекеттерді атқарған орынды.

1. Студенттердің түсінігі мен мотивациясын тудыру.

Әрбір студентке портфолионың не үшін құрастырылатындығы түсінікті болуы керек. Студенттер портфолионың қызықты әрі қомақты нәтижелерге қол жеткізетіндігіне көз жеткізіп, оны өзін-өзі бағалау мүмкіншілігі деп қабылдағаны дұрыс.

2. Портфолионың түрін айқындау.

Портфолионың түрін оқытушы көмегімен студенттің өзі таңдауы керек. Мұнда мәселе мақсатқа байланысты: егер студент есеп беруді жоспарласа, онда портфолио оның жұмыстарының толық жинағы (немесе таңдамалы жұмыстар жинағы) болады; ал егерде ол өзінің тұлғалық әрі кәсіби дамуын мақсат тұтса, онда портфолионы ой-толғанысқа негізделген жұмыстар құрайды.

3. Тапсыру мерзімін айқындау.

Мұнда портфолионың дайын түрде тексеруге өткізілетін мерзімі белгіленеді, әдетте ол семестр аяғында межелік бақылауда оқытушы тарапынан тексеріледі.

4. Портфолио бөлімдері мен рубрикаларын айқындау.

Портфолио құрылымы студенттермен бірлесе анықталады. Өз портфолиосының құрылымын белгілеуде студентке ерік беру қажет, бұл жерде тек «Өзім туралы», «Менің таңдаулы жұмыстарым», «Менің жетістіктерім», «Менің ой-толғанысым» сияқты міндетті бөлімдердің болуын талап ету керек.

5. Бағалау критерийлерін айқындау.

Критерийлер студенттермен бірлесіп құрастырылады. Мұнда назарды жұмыстардың жинақталуына ғана емес, сонымен бірге олардың жүйеленуі мен өзінділігіне, студенттің ой-толғанысына аудару керек.

6. Бағалау әдістері.

Студенттермен бірлесе айқындалады: презентация, қорғау, т.б.
Портфолионы құрастыру үшін студенттерге оның формасына (құжаттар мен тапсырмалардың тізімі және реттілігі) және әр құжаттың мазмұнына қойылатын талаптарды келтірген жөн. Мысалы, Лоне Йоренсен мен Сэлли Хансен (Л.Йоренсен, С.Хансен, 2004) педагогикалық практика бойынша есеп беруде студенттердің келесідей тапсырмаларды орындауын ұсынады:

1. Оқу/оқытуға деген өзіндік көзқарастарын келтіру.

2. Кәсіби дағдыларды әрекеттер арқылы көрсету.

3. Сабақ жоспарларын құрастыру.

4. Мектептің оқушылары және педагогикалық ұжымымен кәсіби қарым-қатынас құрудың айғақтарын келтіру.

5. Сабақтарда тәртіпті қалайша қадағалайтындығын көрсету.

6. Оқытып жатқан пәннің мазмұнын білетіндігін көрсету.

7. Оқу бағдарламасын білетіндігін көрсету.

8. Оқушылардың жұмысын әртүрлі критерийлер бойынша бағалай білу.

9. Әртүрлі оқу құралдары мен ресурстарын таңдау, құрастыру және қолдану.

10. Өзінің кәсіби деңгейін бағалау.

Әдетте портфолионың екі түрін ажыратады: өсу портфолиосы (мұнда студенттің жеке тұлғалық және кәсіби дамуы көрсетіледі) және нәтижелер портфолиосы (жыл бойы қол жеткізген ең елеулі нәтижелер). Алайда портфолионың түрі студент пен оқытушының мақсаттарына орай таңдалатындықтан, оны әртүрлі тұрғыдан құрастыруға болады. Мәселен, М.Лебедева мен О.Шилова (М.Лебедева, О.Шилова, 21-25) портфолионың келесідей түрлерін келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет