Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет266/310
Дата06.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#56171
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   310
Байланысты:
Интербелсендi гео әдістер

4. Пікірталасқа дайындық.
Қатысушылар пікірталастың тақырыбын алдын-ала біліп, оған жан-жақты дайындалуы қажет. Ол үшін келесі әрекеттерді атқарған орынды:
- пікірталас жүргізу мәдениетімен және оның ережелерімен танысу;
- проблеманы зерттеу, оның терминологиясымен танысу;
- қажетті әдебиетті зерттеу;
- мамандармен сұхбаттасу;
- әртүрлі көзқарастарды сараптау, оларды салыстыру;
- өз позициясын айқындау, оның ұтымды жақтарын анықтау, дәлелдер жинақтау.
5. Жүргізуші
Пікірталасты оқытушы немесе студенттер жүргізеді. Жүргізуші пікірталастың тақырыбын жақсы меңгеруі қажет, өйткені ол даулы мәселелер туындаған мезеттерде барлығы да келісетіндей беделді үкім айтуы керек.
Жүргізуші пікірталасты талқыланатын сұрақпен бастап, оған қысқаша комментарий береді, сол арқылы қатысушыларды пікірталасқа шақырады. Пікірталас барысында ол қатысушыларға сұрақ қойып, талқылауды қажетті бағытта қалдырып отырады: қатысушылар тақырыптан немесе регламенттен ауытқып бара жатқанда оларды пікірталас аумағында қалдыруға ұмтылады.
Алайда жүргізуші қарсы жақтардың пікірлеріне баға беретін төреші болмауы және пікірталастың басты тұлғасына айналып кетпеуі керек., Оның басты міндеті – барлық студенттерді пікірталасқа қатыстыру. Сол себепті де жүргізуші сұрақ қойып, қатысушыларды қуаттап, олардың назарын тақырыптың ең қызықты әрі өнімді жақтарына аударып, қарама-қарсы пікірлерді ұштап, аудиторияның белсенділігін жоғарғы деңгейде ұстап отыруы керек.
Пікірталасты тақырып ауқымында қалдыру үшін жүргізушінің келесідей ережелерді қадағалағаны орынды:

  • Айтылған пікірді айқындау, нақтылау («Қандай мағынада айтып тұрсыз? Мысал келтіре аласыз ба?).

  • Бағыт-бағдар беру, қолдау көрсету (Бұл қалайша болған еді? Неліктен олай деп ойлайсыз?).

  • Басқа пікірлерге жүгіну (Сіздің айтқаныңыз алдыңғы пікірмен қалайша ұштасады? Сіз алдыңғы көзқараспен келісесіз бе?).

  • Белсенділендіру (Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Сіздің айтайын деп тұрғаныңыз қандай мәселе? Бұл мәселе Сіздің пікіріңізге қайшы емес пе?).

  • Қиындық тудыру (Мына мысал туралы не айтасыздар? Ал егер Сіздің бұл пікіріңізбен келіспейтін болсақ қайтесіз?).

6. Сөйлеушілер
Сөйлеушілердің пікірталастың ережелерін қатаң түрде ұстанып, өз ұстанымдарын жақтап, қарсы жаққа дәлелді түрде сын айтуы үшін оларға келесідей біліктерді меңгеру керек:
- қарсыластарының көзқарасын жақсы түсініп, оны дұрыс баяндай білу;
- өз позицияларының ұтымды жақтарын нақты білу;
- өз пікірлерін басқаларға нанымды әрі сенімді түрде жеткізе білу;
- қатысушылардың қандай мәселелер бойынша келісімді екендігін нақтылап, дау туғызатын жәйттерді айқындай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет