- Белгілі бір уақыт аралығында үйренушінің өсу және даму қарқынын анықтау;
-Белсенділендіру;
- Ынталандыру;
- Топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау;
- Алдағы білім игеру әрекеттерінде жетістіктерге жету үшін;
- Үйренушінің білімін қалайша әрі қарай дамытуға болатындығын білу үшін;
- Үйренушілердің әрекеттері арқылы үйретушінің деңгейін анықтау.
ҚОСЫМША «БАҒАЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАҒИДАСЫ» «Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law». Сост. Мухтарова А.К., Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асанбекова Г.С. – Алматы: Фонд «ХХІ век», 2001» кітабы бойынша. -58-59 беттер.
2001 жылдың 13-14 қаңтарында Будапеште (Венгрия) «Ашық қоғам» институты (Нью-Йорк) және Street Law (АҚШ) білім беру ұйымы ұйымдастырған құқықтық және азаматтық білім беру жүйесінде бағалау мәселелеріне арналған семинар өткізілді.
Семинарда басты баяндама жасаған профессор Дайана Хесс бағалаудың келесі қағидаларын ұсынды.