Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Екінші қағида: «Дәлдік» («Адекваттық»)



бет103/197
Дата01.12.2022
өлшемі1,86 Mb.
#160720
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   197
Байланысты:
АСХАТ ӘЛІМОВ-интербелсенди адистер (2)

Екінші қағида: «Дәлдік» («Адекваттық»).
Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек. Мысалы, егерде біз мақсат тұтқан нәтиже «Оқушыларды тұтынушы құқығын пайдалануға үйрету» болса, онда «Тұтынушының негізгі құқықтарын атаңыздар» деген тапсырмаға негізделген тексеру жұмысы бағалаудың дәл (адекватты) құралы бола алмайды, өйткені құқықтарды білу оларды пайдалана білуді меңземейді.
Мүмкін бұл нәтижені тексерудің дәл әрекеті ретінде оқушыларға «Тұтынушылар құқықтарын қорғаудың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, мынандай проблеманы (нақты проблема келтіріп) шешіңіздер» тапсырмасын берген дұрыс болар. Сонда оқушылар өздерінің үйренгенін нақты әрекеттер арқылы көрсетеді: өздері келіссөз жүргізеді, өтініш немесе шағым жазады, сотқа арыз береді.
Сонымен, өзіңізге «Оқушылардың мақсат тұтқан нәтижеге жетіп, керекті білім мен білік меңгергендігін қандай жаттығулар (әрекеттер) немесе тапсырмалар дәл көрсете алады?» деген сұрақ қойыңыз.
Үшінші қағида: «Объективтік» («Дәлелділік»).
Бақылау жұмысын орындаудың нәтижелерін бағалау – көп жағдайда субъективтік процесс. Әртүрлі адамдар бір жұмысты бағалағанда, олардың бірдей баға қоюына қалайша жетуге болады? Объективтікке (тұрақтылық, беріктілік, шынайылық, адал, дәлелділік) бағалаудың нақты талаптарын (критерийлерін) таңдау арқылы жетуге болады.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Жақсы орындалған жұмыстың белгілері мен ерекшеліктері қандай болуы керек? Ал қанағаттанарлық деңгейде орындалған жұмыс ше? Қанағаттанарлықсыз жұмыс қандай болуы керек? Бұл белгілер мен ерекшеліктер (критерийлер) басқа оқытушылар мен оқушылардың өздеріне түсінікті болар ма екен? Олар шұбалыңқы болмай, дәл және бір мағыналы болып шыға ма?
Төртінші қағида: «Оқудың ажырамас бөлігі».
Егерде қандай да бір жаттығуды (тапсырманы) бағалау үшін қажетті талаптар дайындайтын болсақ, олар сонымен бірге бұл тапсырманы орындаудың ережелері де болуы мүмкін, яғни нақты білім, білік, дағды, құндылықтарға үйретудің ережелеріне айналады. Демек, егер Сіз осы талаптар бойынша оқушылардың жұмысын бағалаймын десеңіз, онда оларды бұл талаптарды қолдануға үйретуіңіз керек. Дайана Хесс: «Өздеріңіз үйретпеген нәрсені бағалау әділдікке жатпайды» дейді. Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналу керек. Басқаша сөзбен айтқанда, бақылау жұмысының өзі де үйрету әрекеттеріне жатады. Бағалау мен үйрену – біртұтас процесс.
Мұғалімнің өзіне қоятын сұрақтары: Бағалау талаптары (критерийлері) оқу процесіне енгізілген бе? Мен оқушыларымды бағалайын деген нәрселерге үйреттім бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет