2.5 Интервью Интервью – сұрақ-жауаптар арқылы қандай да болмасын мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру.
Интервью арқылы студенттің немесе оқытушының сабақ тақырыбы немесе оқу/оқыту процесі жайлы пікірлерін білуге болады. Мұнда интервью сұрақтары алдын-ала дайындалып, сұхбаттасушыларға (интервьюерлерге) таратылады. Олардың жауаптары оқу/оқыту процесінің деңгейін анықтап, оған өзгерістер енгізу мүмкіншілігін береді.
Талқыланатын сабақ тақырыбы немесе проблема ___________________
________________________________________________________________
Сұрақтар
Студенттің жауаптары
- Сабақ Сізге ұнады ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
- Сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды?
- Сабақ тақырыбының (проблеманың) Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?
- Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсызба? Неліктен?
- Осы тақырып (мәселе) бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
- Осы тақырып (мәселе) бойынша қандай ақпарат көздерін қарастырасыз?
- Бұл проблеманы шешуде Сіздің үлесіңіз қандай болды деп есептейсіз?
- Сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз?
- Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз? Неліктен?
- Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?