Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


ІV. Интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесі. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері



бет85/197
Дата27.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#188883
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   197
Байланысты:
Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану Асхат Әлімов (1)

ІV. Интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесі. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері

Интербелсенді әдістеме оқу мақсаттарын екі бағытта нақтылауды талап етеді:


1. Студенттердің оқу материалын меңгеру деңгейін (сапасын) бақылау.
2. Әр студенттің дамуын қадағалау.
Оқу мақсаттары өлшенбелі және нақты, айқын түрде келтірілген (мәселен, кез келген студент пен оқытушының тануына тұрарлықтай) оқу нәтижелері арқылы көрсетілуі керек. Ал өз кезегінде оқу нәтижелері студенттердің әрекеттері арқылы құрастырылады. Мұнда мақсаттарды нақтылаудың келесідей басты талабын орындау керек: мақсаттар оқу процесі нәтижесінде үйренушінің не жасай алатындығын (нақты әрекеттерді) көрсететін етістіктер арқылы сипатталуы керек.
Оқу мақсаттарын бұлайша құрастыру оңай емес, өйткені дәстүрлі оқытуда оқытушы оқу мақсаттарын бірінші мезетте өзінің жоспарлауы тұрғысынан түсініп, оларды «оқушыларды/студенттерді үйрету, оқыту, түсіндіру» сияқты жалпылама етістіктер көмегімен құрастырған. Мұндай мақсаттар студентке, оның әрекеттері мен дамуына бағытталмаған, сондықтан да олардың тиімділігі мен нәтижелігін айқындау да қиыншылықтар туғызады.
Сол себепті бұл проблеманы мақсаттардың нақты жүйесін, педагогикалық таксономияларды құрастыру арқылы шешу керек. Бұған қоса мұндай жүйенің ішінде мақсаттардың ерешеліктерін көрсететін категориялар (түрлер) мен деңгейлерді анықтау керек.
«Таксономия» ұғымы биологиядан алынған. Ол күрделігінің өсуі бойынша (яғни, иерархия бойынша) бірінен соң бірі орналастырылған және өзара тығыз байланыстағы объектілерді жіктеу (классификация) және жүйелеуді білдіреді.
Осы тұрғыдан білім беру жүйесінде кеңінен тараған педагогикалық идеялардың бірі - америкалық ғалым Бенджамин Блумның таксономиясын келтіруге болады. Б.Блум бір топ әріптестерімен бірге 1956 жылы «Таксономияның» танымдық (когнитивтік) саладағы мақсаттарды сипаттайтын бірінші бөлімін жарыққа шығарса (№13 кесте), кейінірек Д.Кратволь және басқа ғалымдар «Таксономияның» аффективтік (эмоционалды-құндылықтық) және психомоторлық салалардағы мақсаттарды қамтитын екінші бөлімін құрастырған.
Таксономия идеялары бүкіл әлем педагогикалық жұртшылығында таным және ойлау әрекеттерінің деңгейлерін, оқу мақсаттарын айқындауда кеңінен қолданыс тапты.


Кесте № 13







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет