Асхатқызы Аида кя 8 Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері


Етістіктер етіс тұлғаларында да баяндауыш



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі27,55 Kb.
#117265
1   2   3   4   5
Байланысты:
АсхатқызыА.Синтак4
vysshie mozgovye funkcii, vysshie mozgovye funkcii, гинекология, Жігіттер ойын күлкі, Стил3, Стил3, Қаралы с, 1, Педагог.90%
Етістіктер етіс тұлғаларында да баяндауыш қызметінде жұмсалады. Өнер -білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды (Алтынсарин).
Есімшелердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: 1,2 жақта баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, 3 жақта жіктік жалғау жалғанбайды. Апаң келген соң, біздің үйге тұрарсың (С.Мұқанов).
Баяндауыштың екінші түрі – есім баяндауыштар. Есім сөз таптары баяндауыш болу үшін, біріншіден, олар сөйлемнің соңында келуі керек. Екіншіден, бұл сөз таптары сөйлем соңында келуі арқылы сөйлемді тиянақтау процесі нақтылы болуы керек. Үшіншіден, есімдер сөйлем соңында келіп баяндауыш болған кезінде, тұлғалық жағынан әдеттегі қолданылу ерекшеліктеріне, яғни морфологиялық өзгерісіне бұрынғы қалпымен салыстырғанда өзіндік айырмашылықтары да болады.
Баяндауыштың үшінші түрі – құрама баяндауыштар.Бұл баяндауыштың құрама деген атының өзінен мұнда әр есімнің де, етістіктің де элементтің қатысындағы негізге алынған. Әрине, құрама баяндауыштар, олардың қалыптасуы,оларды құрайтын бірінші сыңарлары мен екінші сыңарлардың өзіндік мағынасының ерекшеліктері мен бұл процестегі кейбір даму процестерін жеке-жеке сөз етуді керек етеді. Мұндай баяндауыштардың негізінен екі сыңары яғни есімді мен етістікті сыңарлары болатындығы негізгі фактор. Құрама баяндауыштардың бірінші сыңары есімдер болады да, екінші сыңары етістік делінгенмен, етістіктің ішінде тек көмекші етістіктер ғана қатыса алады. Ондай негізде көбіне е, де, ет көмекші етістіктері қатысады. Құрама баяндауыштың екінші сыңарлары лексикалық мағынаға ие бола алмайды, тек көмекшілік қызметте есімдерге шақтық мағына үстемелеу үшін ғана қолданылады. Мысалы: Орысша киінген жігіт Досанов Асқар еді (С. Мұқанов). Сонда да бәрінің көзі әлі Орынбайда еді (Н. Әбуталиев). Біз манадан бері соны әңгіме еттік (Қ. Жұмаділов). Сұлу қыз осыдан қысылып қып-қызыл болыпты (М. Әуезов). Ғұмырында шалының да, өзінің де мұндай сыйлы төрге шығып, гүлдесте құшақтағаны бірінші еді (Н. Серғалиев). Ат құйрығын кестім, бүгіннен бастап сендік емеспін (Н. Әбуталиев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет