Ашекеева Ќ


«Платон менің ұстазым, бірақ шындық одан да артық» немесе Аристотельдің мемлекет пен билік туралы саяси көзқарасы



бет9/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)
Әлеуметтану семинар
«Платон менің ұстазым, бірақ шындық одан да артық» немесе Аристотельдің мемлекет пен билік туралы саяси көзқарасы. Антикалық саяси ойдың әрі дамуы Платонның шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384-322) атымен тығыз байланысты. Оның «Саясат», «Афины политиясы», «Никомах этикасы» және 1000-ға жуық еңбектері әлі күнге дейін өзектілігін жоймаған. Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы жайлы талдау жасады. Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Мемлекет формасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттің дұрыс және бұрыс формалары айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктің мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделерін көздейді. Аристотельдің пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал бұрыс формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады. Жоғары билік заңның емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынға алды. Ол мүліктік демократияны ғана мақұлдайды және демократияның екі түрін – заңға негізделген және жоғарғы үкіметке билік жүргізетін демократияны анықтайды.
Аристотельдің саясат жөніндегі ойлары да көңіл қоярлық. Оның айтуынша, саясаттың мәні оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негізі – адамдардың тәрбиелігінде. Дұрыс тәрбиенің арқасында олар жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке қарай бұрды, осының арқасында ғана әділдік орнайды деп түсіндіреді. Аристотельдің саяси концепсиясы «Саясат» еңбегінде берілген. Платоннан айырмашылығы, ол мемлекеттік құрылыстың идеалды үлгісін жасамайды, қайта дұрыс деректерге сүйене отырып, оның нақты формасын талдауға әрекет жасайды.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда, әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106-43) өмір сүрді. Оның "Мемлекет туралы", "Зандар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі.
Цицерон мемлекеттің пайда болуының иегізгі себебі-адамдардың бірінші өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Коғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.
Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының "мінезі мен еркіне'' байланысты болады деп түсіндірді.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында коғамдағы басқарушы рөл үшін киян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде аксүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай каласы" туралы деген еңбегінде баяндалган.
Қайта өрлеу дәуірінің дүниені түсінуінде адам тағдыры, оның шыққан тегі, атағы, конфессионалды статусы арқылы алдын ала болжанбай, ол адамның қажырлығы, белсенділігі, игілікті істері істері арқылы анықталуға тиіс. Тендік пен әділеттік принциптеріне сүйенеді.
Дүниені қайта өрлеу тұрғысынан түсіндірудің шеңберінде қоғамдық келісімнің ескі концепциясы жаңартылды. Оның негізінде мемлекетттің пайда болу себептері мен мемлекеттік биліктің легитимділігі түсіндіріледі.
Қайта өрлеу дәуірінің ойшылының бірі-итальяндық Николо Макиавелли (1469-1527). Макиавелли саяси ой тарихында өзінің Патша (1513), «Флоренцияның тарихы» (1532) т.б. еңбектерімен танымал. Макиавеллидің саяси іліміндегі негізгі өзекті мәселе-өкіметтің өз қоластындағы азаматтарын игере алу қабілетінің болуы.
Қайта өрлеу дәуірінің гуманист-рационалисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі-ағылшын ойшылы Томас Мор (1478-1535) болды, Мордың басты шығармасы-Утопия (1516), бұл еңбекте ойдан шығарған Утопия аралындағы әңгіме етеді. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойшылдардың бірі-француз ғалымы Жан Боден (1530-1596). Ол негізінен феодалдық мемлекеттегі орталықтандырылған биліктің ыдырауына және сол кездегі діни фанатизмге қарсы шығады. Мұндай көзқарасқа не себеп болды дейтін болсақ, XVI ғасырдың аяқ шенінде Франция діни ағымдар арасындағы күрестердің ордасына айналды десе болды. Өйткені католиктер мен протестанттар арасындағы жиі-жиі қақтағыстар болып отырды. Осыдан мемлекеттің тағдырына үлкен қауіп төнді. Осы тұста елдегі бейбітшілікті сақтау негізі мәселеге айналды. Қоғамдық санада бейбітшілік – басты құндылық статусына ие болды. Ал бейбітшілікті сақтап қалу, оны қамтамасыз ету тек монархқа байланысты еді. Сондықтан монархиялық билікті күшейту қажеттілігі туды. Саяси-әлеуметтік ойдың дамуындағы ерекше маңызды кезең – Жаңа дәуір, ол XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Жаңа дәуірдің саяси дүниетанымы екі негізгі принципті басшылыққа алды: «шынайы табиғи құқық» және «қоғамдық келісім».
Сол кездегі саяси ойға өз үлесін қосқан ойшылдың бірі – ағылшын ғылымы Томас Гоббс (1588-1679) болды. Ол өзінің саяси ой-тұжырымдарын «Левиафан, немесе материя, форма және мемлекет билігі» деген еңбегінде салмақтады. Жоғарғы билік және егеменді ізгілікті мемлекет – оның саяси іліміндегі басты идея болды. Ол патшалық билік корольға құдай жіберетін «сыйлық» дейтін теорияға қарсы болды.
Жаңа дәуірдің екінші бір ойшылы ағылшын философы Джон Локк (1632-1701). Оны реалистердің қатарына жатқызуға болады. Егер Гоббс абсолюттік монархияны жақтаған болса, ал Джон Локк оған қарсы шықты. Локк үшін адамның шынайы, нақты жағдайы – ол Гоббстың «бәрінің бәріне қарсы соғысы» емес, керісінше, меншікке негізделген бостандық қатынасының, теңдік пен өзара тәуелсіздік жиынтығы.
Француз ағартушыларының бірі Шарль Луи Монтескье (1689-1755) саяси ойлар тарихында өзінің екі түрлі маңызды үлесімен белгілі болған ғалым. Ол өзінің «Заң рухы» деген еңбегінде, біріншіден, мемлекеттің даму заңдылықтарын, саяси билікті жүргізудің формаларын айқындауға ықпал ететін факторлардың тізбегін көрсетуге тырысты.
Француз ағартушысы, ұсақ буржуазиялық идеолог Жан-Жак Руссоның (1712-1778) саяси іліміне келетін болсақ, ең алдымен оның азаматтық концепциясын алуға болады. Оның саяси теориясындағы өзекті мәселе – халық егеменділігі идеясы. Бұл концепциядан мынадай екі нәрсені байқауға болады: біріншіден, халық ассоциацияларының пайда болуын, олардың қоғамдық келісімінің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, оны «Тұтас моральдық дене», «Қоғамдық адам» деп мойындап және оның «өз тұтастығы, біртектілігі, өз өмірі әрі өз еркі» болатындығын көрсетеді. Қоғамның мұндай өз болмасын жеке индивидтің болмысымен тең қоюға болмайтындығын атайды. Адам табиғатынан өзін-өзі қорғауға, сақтауға, өмір сүруге қабілетті және алғашқы адамдар өзара тең құқылы болған. Ал халықтың өмірінің дамуына байланысты бірте-бірте қауымдастықтардың (жанұя, топтар, халық) пайда болуымен бірге адамдар арасында теңсіздіктер қалыптасып, олар бақытсыздыққа ұшырай бастады. Сайып келгенде Руссо адамдар арасындағы теңсіздіктің қалыптасуын жеке меншіктің пайда болуымен байланыстырады. Адам бақытсыздығының басты себебі сол деп есептейді. Ал осындай бақытсыздықты жою үшін, халық қоғамдық келісімге келу керек деп көрсетіледі
Қорытындылай келгенде, Жаңа дәуір ойшылдарының идеялары олардың кейінгі саяси көзқарастар мен теорияларда көрініс тауып, жалпы әлеуметтік ой дүниесіне маңызы зор болды. Мәселен, Жан-Жак Руссоның саяси консепциялары Француз революциясы көсемдерінің іс әрекеттерінде көрініс тапты және оның әлеуметтік доктриналары Кант пен Гегельдің саяси концепциаларына іргетас қызметін атқарды. Жаңа дәуір ойшылдары жасаған мемлекетті түбірінен қайта өзгерту арқылы әділетті қоғамдық құрылысқа өту туралы ойлары көптеген жаңа бағыттардың пайда болуына түрткі және олардың көзқарастарына теориялық негіз болды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет