Қорытынды. Саясаттың ең басты міндеттері – мемлекет қалыптастыру, қабылданған
заңдар, ұйымдастырылған экономика арқылы барлық қоғам мүшелерінің
әлеуметтік, тұрмыстық, рухани өмірін қамтамасыз ету.Ал осы міндеттерді
кімдер дұрыс жолмен іске асыруы тиісті? Бұл саладағы қызметкерлерді саяси
әдебиетте қолданатын термин бойынша саяси субъекттер деп аталады. Бұлар: саясатшылар, мемлекет жүйесіндегі қызметкерлер, депутаттар, әр саладағы мамандар, кәсіпорын басшылары. Саяси субъекттерге жеке тұлғалардан басқа әртүрлі саяси топтар мен ұйымдар жатады.Мысалы, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, оппозициялық топтар, сайлау жүйелері.Сонымен, қоғамның берекелі өмірі, сау –салауаттылығы саясатпен тікелей қатысты болса,саясаттың нәтижелілігі саяси субъекттердің іс - қимылдарына байланысты. Осы себептерден туындайтын әрбір қоғамның мақсаты мен мүддесі – саяси субъекттердің сапалы құрамын қалыптастыру.Бұлардың сапалы болуына бірінші кепілдеме – саяси білім. Саси білім басты екі негізден қалыптасады. Біріншісі, дүние жүзіндегі саяси саладағы қалыптасқан тәжірибе. Екіншісі, саяси білімнің (ғылымның) теориялық негізі. Саяси тәжірибе дейтініміз – саяси салада қалыптасқан саяси процестер.Мысалы, демократия, саяси билікті қалыптастыру жолдары, заң қабылдау мәселелері, мемлекет басқару түрлері, жеке адамның құқығы мен бостандығы, оппозиция мәселелері және т.б. Саяси процестердегеніміз қоғамда қалыптасқан саяси- әлеуметтік жүйелер. Әрбір саяси процестің өз саяси институттары болады. Мысалы, демократияның саяси институты – парламент, жергілікті атқарушы биліктің саяси институты – әкімдіктер, жергілікті сайланатын биліктің институты - мәслихат. Саяси институт – саяси процестің мекемелер жүйесі, уәкілі. Саяси процестерді сапалы деңгейде дамытудың негізгі шарты – саяси субъекттердің саяси білімі мен тәжірибелігі. Ғұлама ғалым Платонның айтқанындай, «Мемлекеттің сапасы қоғамдағы адамдардың сапасымен байланысты. Сол себептен саясаттың басты міндеті – білімді адамдар дайындау және оларды тани білу».Ұлы ойшылдың бұл қағидасы – саяси субъект болу үшін ғана емес, саяси субъектіні түсіну, оларды билікке ұсыну үшін әрбір азаматқа саяси Саяси білімнің екінші бастауы – ол теориялық негізі. Жоғарыда аталған саяси процестер тек ғана тәжірибе арқылы, практикада қалыптасқан құбылыстар емес. Әрбір саяси процестің негізі – теория. Саяси ғылымның күрделі теориялық құбылыс екендігін айқындайтын саяси саладағы бүкіл әлем ғалымдары мен ойшылдары танып, мойындаған саяси білім үлгілері. Әрбір саяси процесс – ғалымдардың, ойшылдардың идеяларына, тұжырымдамаларына негізделіп саяси ғылым қазіргі даму дәрежесіне жетіп
отыр. Саяси ғылымның теориялық негіздері билік пен азаматтардың әлеуметтік, мәдени өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан тәжірибе мен рухани қазыналардың жинағы. Саяси жүйенің шеңберінде қызмет ететін субъекттердің саяси мәдениеті осы құндылықтар арқылы анықталады.Саяси іс-қимылдардың сапалы болуы үшін саяси субъекттердің саяси мәдениеті жоғары болуы қажет. Қорыта келгенде, саясаттың тарихи- теориялық және қазіргі кезеңдегі ғылыми негіздері – көне заманнан бергі қалыптасып келе жатқан саяси білімдер жүйесі. Саяси ой-пікірлердің, ілімдердің бүгінгі күнге дейінгі тарихи қалыптасуы туралы мәліметтер осы оқу құралының әрбір тарауындағы тақырыпқа сәйкес беріліп отыр.