Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі аныктамалар мен тұжырымдамалар бар. 1. Телеологиялық анықтама; 2. Бихевиористік анықтама; 3. Инструменталистік анықтама; 4. Структуралистік анықтама; 5. Конфликтілік анықтама және т.б. Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортак пікір, анықтама жок екенін байкадық. Дегенмен, ғылым болғандыктан аныктама беріледі. Мысалы, "Философиялык энциклопедиялык сөздікте" билік туралы былай делінген: "Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға кабілетгілік пен мүмкіндік, адамдардын жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсы бір амал-әдістер — бедел, құқық күштеу аркылы шешуші ықпал жасау" ("Философский энциклопедический словарь ". М., 1983, 85-бет). Біздінше, билік деп біреудін екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Билік адамзат коғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктін қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және қүрылысына карай баскару түрі және мемлекеттік қүрылысы болып бөлінеді.
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігіи көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялык және республикалық болып екіге болінеді.
Билік басқару түрімен катар кұрылысына карай да ерекпіеленеді. Мемлекет кұрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің аракатынасын білдіреді. Олунитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.
Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі" және "иелік етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бүрынғы кеңестік дәуірде бүл үғымдарды тенестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенін барлық құрылымын мемлекет теңдіруінің тәсілдемелік негізі болды.
Бүгінгі күні саясаттануда биліктің бірыңғай теориясы қалыптасқан жоқ. Саясаттанушылар биліктің бірнеше теориясын ұсынады. Саясаттануда
биліктің мәні туралы мынадай концепциялар бар: жүйелік концепциясы,
реляционистік теориялар. Билікті жүргізу әдістері рухани және материалдық болып бӛлінеді. Биліктің құрылымына: көздері, негіздері, ресурстары, субъектісі, объектісі, функциялары кіреді. (2-схема). Биліктің қайнар көздері – бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, құпия, мүдде, білім, ақпараттық мәліметтер.
Биліктің негіздері мен ресурстары оның маңызды құрылымдық элементтері болып табылады. Биліктің негіздері деп субъектінің биліктік еркі негізделенетін биліктің базасын, кӛздерін атайды. Биліктің ресурстары деп билікті және оның негіздерін нығайту үшін қолданылатын (немесе қолданылуы мүмкін) нақты және потенциалды құралдарды айтады. Қоғамның қызмет ету салаларына байланысты биліктің экономикалық, әлеуметтік, заңдық, әкімшілік күштеу, мәдени-ақпараттық негіздері мен ресурстары бар. Билік ресурстары ғылыми негізделген болып, кәсіби тұрғыда пайдаланылса, олар билік пен оның негіздерін нығайтады. Ал егер ресурстар кәсіби емес, волюнтаристік тұрғыда пайдаланылса, онда олар билікті әлсіретіп, күйретіп дағдарыстар мен революцияларға әкеледі.
Билік – ең алдымен оның объектісі мен субъектісі бар болған жағдайда
жасалынатын адамдар арасындағы қарым-қатынас. Биліктің субъектісі белсенді, бағыттаушы бастама. Биліктің субъектісі - индивид, ұйым, әлеуметтік қоғамдастық, топтар, мемлекет т.б. бола алады. Биліктің объектісі – жеке адамдар, олардың бірлестіктері, топтар, қауымдастықтар, таптар т.б., яғни саяси субъектінің іс-әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар. Билік қатынасының мәні мынада – субъект нұсқау береді де, объектіге билікті орындауды міндеттейді, яғни бағынуды талап етеді. Биліктің субъектісі мен объектісін биліктің агенттері деп те атайды.
Билік мына функцияларды атқарады: үстемдік, басшылық, басқару,
ұйымдастыру, бақылау.
Үстемдік – қоғамды басқарушылар мен басқарылатындарға бӛлуге
негізделген.
Басшылық – бұл әкімшілік аппараты мен ӛкіметтің органдары арқылы
жүзеге асырылады.
Басқару - бұл атқарушы ӛкімет органдарының шешімдер талқыланып
жасауы мен оларды қабылдауы және оны ӛмірге енгізуді ұйымдастыру.
Ұйымдастыру – бұл жекелеген адамдардың, топтардың, таптардың, ұйымдар
мен мекемелердің ӛзара байланысын келісу, реттеу, қамтамасыз ету.
Бақылау – бұл қоғамдағы адамдардың, топтардың қызмет ережелерін
қамтамасыз ету, сақтау.