Байланысты: Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)
Қорытынды. Билік туралы білімді жоғарылату қажет екеніне дәлел – күнделіктіқарапайым түсінік деңгейі. Жер жүзіндегі адамдардың көпшілігі әлі де болса саяси билікті біреулердің қолындағы құрал, олар сол құралды өз қажетіне пайдаланады деп есептейді. Саяси билікті түсінудің бұл бірінші, төменгі деңгейі. Екінші, жоғарғы деңгей – саяси билікті қалыптастырудағы қоғам мүшелері өздерінің мемлекеттегі орнын, ролін жақсы түсіну. Бұл деңгейдегі түсінік бойынша, саяси билік біреулердің күшімен, еркімен, не болмаса ақылымен ғана ұйымдастырылмайды, саяси биліктің қызметі, белсенділігі әр адамның қосқан үлесіне байланысты. Осы бірінші деңгей мен екінші деңгейдің аралығы алыс, алшақ жатыр. Екі аралықтың арасын жақындату, қоғам мүшелерінің түсінігін көбірек бірінші деңгейден екінші деңгейге көтеру – саяси ғылымның негізгі мақсаттарының бірі.