Байланысты: Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)
Геокеңістікті бақылау механизмі мен үлгілерін зерттеу – геосаясаттың негізгі міндеттерінің бірі. Кеңістікті бақылау үлгілері механизм ретінде өз кезегінде өзгеріп отырады.
Біріншіден, «метрополия – колония» жүйесіне лайықты кеңістікті жалпылай бақылау бағыттары «тізбек» - коммуникацияларды, материальдық- заттық және ақпараттық ағындарды, сонымен бірге геосаясаттық базаларды бақылау бағыттарымен ауыстырылған.
Екіншіден, әскери бақылау экономикалық (үнемдік) жағын алға жіберіп мүмкіндігінше екінші орынға жылжытып отырады. Айта кету керек, экономикалық мүмкіндік елдің даму тарихында, ұлы мемлекеттердің әсерлерінің ауысуы мен күш салыстыру алаңдарында локомотив, жетекші ролінде болған. ХХІ ғасырдың басында әлем осындай геосаясатқа қарсы белгісіз, ешбір күшке бағынбайтын миграциялық ағыммен, кең таралып жайылған нашақорлық жолымен, қалыптаспаған халықаралық ұйымдардың виртуальды ұйымдастырылған андеграундтар (шеттетілген), тіпті кейбіреулері ашық террористік пиғылды ұстанатындарына қарамастан жаңа үрдіс ретінде алып жаһандандыру сияқты жинақталған әрі санқыйлы құбылыстардың әріқарай тереңдетілген бағыттарымен дамып келеді.
Шырқау әлемде тек зиялылық, қаржылық, ұйымдастырушылық принциптер, техникалық мүмкіндіктер, технологиялық шешімдер ғана қақтығыспайды, ең алдымен көзқарастар, бұрыңғы замандағы болмыс кодекстері мен жаңа мәдениеттер санасады. Тіркелген немесе тіркелмеген түрлі ұйымдардың өлшеусіз жат пиғылдарын еркін таратуға мүмкіндігі бар ауқымды және бірнеше сатылы Ғаламтор жүйесі әлемді уысына алуға тырысуда. Жәйбарақат көңіл мен осындай ұйымдардың ыңғайлылығы өздерінің мықты артықшылығы болып саналады екен. Жаңа үлгіге қалыптастырылмаған халықаралық ортада сеттегі конгломераттар өздерінің полифониялық және динамикалық жағрафиясының шекарасын сызып алып «виртуальды» болса да мемлекеттік және ұжымдық құрылымдарға үйреншікті серіктестікті іс жүзіне асырғылары келеді.
Жаһандандыру жағдайында геосаясаттық оқиғалар әлсіздікке ұшырайды. Ол көбіне геосаясаттың дәстүрлі факторларымен қоса өзін дәріптейтін жаңа геосаясаттық факторлар – ақпараттық – әскери, ақпараттық – технологиялық, ақпараттық – қаржылық, ақпараттық - мәдени және басқаларын қосып алды. Ол дегеніміз мемлекеттік, әскери, қаржылық басқару жүйесінің ақпараттық – компьютерлік технологияға қатты байланысты екенін көрсетеді. Геосаясат жинақталған көпсатылы оқулыққа – пәнге айналып отыр. Ол біздің жеріміздегі күрделі өзгерістердің көбіне әлемдік дамудың жаңа жағдайында орын алатынын ескермей кете алмайды. ХХ – шы ғасырдың ортасынан ғылыми-техникалық мүмкіндіктің дамуына, содан соң технологиялық төңкерістің геосаясат пәніне элемент ретінде техниктік – экономикалық процестер қосылып, өткен ғасырдың соңында саяси жағдайларға әсері қатты өсті. Әсіресе қатты әсер еткен, бұрын да айтып өткеніміздей, қазіргі жаһандандырудың жаңа құбылысы және оның шынайы жүзеге асуына байланыстылардың бәрі.