Ашекеева Ќ



бет71/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

Конструктивтік рөлі. Біріншіден, саяси қақтығыс қоғамдағы қарама-қайшылықтар мен мәселелердің пайда болуындағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің себепшісі болып табылады. Олар социумдағы жағымсыз тұстар туралы ескерту береді, индивидтер мен әлеуметтік топтардың қанағаттанбау және қарама-қайшылықтар себептерін айқындайды.
Екіншіден, қақтығыстың өзі қоғамда жинақталған алаңдаушылықты төмендету арқылы өзіндік шығыны бар тетік ретінде қызмет атқарып, қақтығысқа әкелген кемшіліктер мен жаңсақтықтың қарама-қайшылықтарын шешудің тәсіліне айналады.
Үшіншіден, қақтығыс қоғамда болуы мүмкін тоқырауды, жүйенің ыдырауын алдын алып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қақтығыстық жағдайда индивидтер немесе әлеуметтік топтар оны реттеу мен шешу тәсілдерінің тәжірибесін алады.
Енді деструктивтік қақтығыстарға тән сипаттамалық ерекшеліктерін көрсетейік.
Біріншіден, саяси қақтығыс қоғамның бірігуіне қатер туғызады, қалыптасқан әлеуметтік-саяси құрылымды құлатады, мемлекетте қауырттылықтың жоғары деңгейін қалыптастырады, қоғамда жіктелу орын алады.
Екіншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму қарқынын тежеуге ұрындырады, әлеуметтік жүйенің дағдарысы мен стагнациясына апарады.
Үшіншіден, саяси қақтығыстар индивидтің немесе әлеуметтік топтың адамгершілік қағидаларының бұзылуына ықпал етеді, физикалық және психологиялық озбырлықтың, көп құрбандардың болуы адамның өшпенділік сезімі мен өш алу ықыласын қалыптастырады.
Төртіншіден, деструктивті қақтығыстардағы өзара қимылдары оның субъектілері мен қатысушылары арасындағы қашықтықты жоғарылатып, олардың көзқарастарын полярландыра түседі.
Бесіншіден, оны реттеу мен шешудің жолында орнықты тосқауылдар пайда болып, қақтығыс жаңа деструктивті қақтығыстармен жалғасуы мүмкін.
Қақтығыстарды топтастыру (типология-жіктеу) өлшемдері.
1. Қақтығысқа қатысушылардың ерекшеліктері мен мінез-құлқына қарай топтау. Батыс саясаттанушылары қақтығыстың бұл түрін- қақтығыстың интенсивтілігі (пәрменділігі, қарқындылығы) деп атайды. Қақтығыстың пәрменділігіне қарай қақтығыс төменгі, орташа, жоғары деңгейлі болып бөлінеді. Төменгі деңгейлі, пәрменді қақтығыс негізінен оппоненттер арасындағы пікір-талас түрінде болады. Орташа интенсивті қақтығыс- көбінесе әлі шиеленісе қоймаған қайшылықтардан туындайды. Бұл қақтығыс түрі, сонымен қатар, қарсы жақтардың тек біреуі ғана белсенді болғанда, ал екінші жақ қақтығысқа қатыспауға тырысқанда көрініс табады. Жоғары интенсивті қақтығыста екі жақтың бірі шын объект ретінде жойылады. Бұл қақтығыс екі жақ арасындағы қайшылық тереңдеп, тұрақтанып, ымырасыз болғанда кездеседі. Мұндай қақтығысты шешу белгісіз салдарға әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет