Ашекеева Ќ


Дәріс 15. Қазіргі халықаралық қатынастар. Әлемдік және сыртқы саясат. Геосаясат



бет74/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

Дәріс 15. Қазіргі халықаралық қатынастар. Әлемдік және сыртқы саясат. Геосаясат
Тірек сөздер: Геосаясат, метрополия, колония, болжамдық, империалық, антропологиялық.
«Халықаралық қатынастар», «әлемдік саясат», «халықаралық саясат», «дипломатия» ұғымдарының арақатынасы жайында.
Көптеген қоғамдық‑гуманитарлық пәндер қазіргі таңда адамзат қауымдастығында болып отыратын әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық, әскери және т.б. күрделі үрдістер жиынтығын «халықаралық қатынастар» деген терминмен түсіндіріп жүр. Яғни бұл дегеніміз әлемдегі қилы құбылысты өзіндік ғылыми таныммен ұғындырудағы бағыт. Саясаттану, әлеуметтану, халықаралық қатынастар секілді қоғам туралы пәндер көп дәрежеде «халықаралық қатынастар», «халықаралық саясат» және «дипломатия» деген секілді ғылыми категориялармен тығыз байланысты. Отандық және шетелдік ғылыми әдебиетте бұл категориялардың аражігі әртүрлі түсіндіріледі, әрқилы таладанады, сондықтанда осы ұғымдардың әрқайсысына қысқаша түсіндірме бере кету жөн болар еді.
Жоғарыда аталынған категориялардың ішіндегі басқы, жетекші орынды иемденетіні, ғылыми танымның біртұтас философиясының болмысын суреттейтін ұғым, ол – «халықаралық қатынастар» болып табылады. «Халықаралық қатынастар» ұғымын талдай отырып ескеретін жайт, бұл ұғым бәрімен бір қалыпты түсіндіріліп, түрлі тарихи кезеңдерде біржақты болып қалған емес, керісінше өз бойына түрлі уақыттардағы эволюциялық дамуды жинақтай отырып, қазіргіше түсінікке ие болған. Саясаттанушы ғалымдар «халықаралық қатынастардың» даму динамикасына үлкен деңгейде әсер еткен мынадай екі сыртқы орталық факторды бөліп көрсетіп жүр:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет