Ашекеева Ќ


бірінші фактор — әлеуметтіктен тыс немесе әлеуметтік емес



бет75/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

бірінші фактор — әлеуметтіктен тыс немесе әлеуметтік емес;
екінші фактор — әлеуметтік немесе адами қоғам факторы.
Бұндағы әлеуметтіктен тыс немесе әлеуметтік емес ортамен адамзат және адамзат қоғамы пайда болғанға дейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіреді. Яғни, бұл дегеніміз табиғаттың жаратылысындағы алғашқы күйі, қоршаған сыртқы ортаның табиғи заңын өзгертуге әсер етуші ірі субъект — адамдардың ықпалына дейінгі әлемдік қозғалыстың жүйесі. Бұл жерде, адамнан гөрі жаратылыстың, сыртқы қоршаған орта табиғаттың әсері басымдыққа ие. Бірақта, әлеуметтіктен тыс фактордың әлеуметтік фактордан айырмашылығы халықаралық қатынастардың табиғатына әсері баяу түрдегі даму эволюциясына басымдық береді. Мысалы, материктер мен мұхиттардың және теңіздердің шектік белгілері, алып таулар мен қыраттардың орналасуы мен өзіндік сипаттамалары бірнеше мыңдаған жылдар бұрынғы қалпын сақтап қалып отырады. Дегенмен, бүгінде, әлеуметтіктен тыс немесе әлеуметтік емес ортаның өзі де үлкен дәрежеде техника мен технологиялық прогрестің, индустриялизацияның ықпалын басынан кешуде және де халықаралық қатынастардың жүйесіне келгендегі өзінің алғашқы қалыптастырушылық рөлінен айрылып, жанама түрдегі ықпал факторына айналып отырған жөні бар. Шамасы табиғи ресурстардың шектелуі, экологиялық жүйедегі үлкен өзгерістер, адамзаттың төл туындылары ақпараттану мен техниканың бұрын‑соңды болмаған үлкен дамуды бастан өткеруі адамдар қауымдастығының күнделікті өміріне, ұлттар мен мемлекеттердің және халықтар арасындағы қатынастарда ескерусіз қалуы мүмкін емес.
Енді әлеуметтік немесе адами қоғам факторы туралы айтар болсақ, оның халықаралық қатынастар жүйесіне әсері аталынған бірінші фактордан гөрі едәуір басым және үлкен динамикалық сипатқа ие болып отырғандығын байқаймыз. Жалпы әлеуметтік орта деп, — адаммен бірге пайда болған және де қоғамның өмірін анықтайтынның барлығын айтамыз. Бұлар саясат, экономика, техника, технология, идеология, дін, мәдениет және т.б. Әсіресе, соңғы ғасырларда халықаралық қатынастардың эволюциясының дамуына үлкен ықпал еткен транспорттық және ақпараттық технологиялардың жетілуі мен қарыштауы сияқты әлеуметтік орта факторларын айтуға болады. Сондықтан да, ХХІ ғасырды ақпарат пен жоғары технологиялар дәуірі деп те атап жүр.
Енді дәрісіміздің алғашқы бастамасы болып отырған ұғымның өзегіне көшсек. «Халықаралық қатынастар» термині international relations терминінің қазақ тіліндегі баламасы болып табылады. Алғаш рет ХVІІІ‑ХІХ ғасырлар шектерінде ағылшындық фәлсафашы Дж. Бентаммен ғылыми айналымға енгізілген болатын. Дәл осы дәуірлер тоғысында «халықаралық қатынастар» ұғымының пайда болуы кездейсоқ болған емес, өйткені осы уақытта Батыс Еуропада тәуелсіз ұлттық мемлекеттер жүйесі пайда бола бастады, ендігі аралықтағы ұлттар мен халықтар арасындағы қатынастар тек қана монархтар мен жеке дара билеуші династиялар арасындағы симболдық сипатта ғана емес, кең әрі шынайы түрде ұлттар мен халықтар бірлестігінен құрылған, өздері өкілеттік берген этностық‑ұлттық топты таныстыратын мемлекеттер арасында бірізділікте қалыптастып, дами бастады. Ұлттардың қалыптасуының аяқталуымен қатар, жанама (параллелді) түрде азаматтық қоғамның жетілу белгілері де логикалық кемеліне келіп, табиғи қажеттіліктерге орай туындаған мемлекет атты ірі қоғамдық ұйымдасудың бірлігін туындатты. Сол уақыттан бастап жуық араға дейінгі интервалда халықаралық қатынастардың адамзат танымындағы болмысы, өзіндік үлгісі қалыптасқан еді. Осыған сәйкес, әрбір елдің азаматтық қоғамы өз мемлекетін ұлттық қауіпсіздікті қамсыздандыру мен сыртқы қатынастарға түсу бойынша барлық өкілеттіліктермен ресімдеген болатын. Бір мемлекеттің үкіметі арқылы дәл сондай екінші мемлекет үкіметі арасында орнаған ресми байланыстар тек қана мемлекеттік құрылымдар арасында ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттердің азаматтық қоғамдарының түрлі субъекттері арасында орнатылып, сақталынып, халықтар арасындағы қатынастар дамып отырды. Мемлекеттер арасындағы жекелеген байланыстар әруақыттарда да болған дегенмен, транспорттық ақпараттық технологиялардың әлсіз жетілу дәрежесі көп уақыттар бойына жекелеген субъекттер арасындағы тұрақты байланыстың болуына кері әсер етіп, үлкен материалдық қажеттіліктерді талап етті де, көптеген мүмкіндіктерді шектеп отырды, ал бұл мүмкіндіктер мемлекеттерде үнемінгі түрде бола отырып мемлекеттерді сыртқы қатынастарға түсуде көптеген уақыттар бойына бірден‑бір актор‑монополист етті.
Әлеуметтік жүйенің жетілуі, транспорттық және ақпараттық коммуникацияның қарыштап дамуы экномика мен саясат және халықаралық қатынастар аясына үлкен әсер етті. Енді мемлекеттен гөрі дамыған елдердің ішіндегі жекелеген субъекттердің, қоғамдық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың байланыстарының дереу күшеюіне әсер етті де мемлекетті сыртқы қатынастар орнатудағы бұрынғы жетекшілік (монополистік) рөлінен біртіндеп айырып келеді. Бұл феноменді кейбір ғалымдар «ұлттық мемлекеттердің өлімі» деп атап, халықаралықтан (international) ұлтаралық немесе трансұлттық (transnational) өтпелі кезең белгісі деген гипотетикалық сипаттамалар берген болатын. Қайткенменде әзірше бұндай кезеңге өту сатысы халықаралық қатынастар жүйесінің көп субъекттері арасында бұлар айтқандай басымдықтарға ие бола қойған жоқ: көбіне дамыған әлемнің экономикалық және технологиялық бөлігіндегі жетілу тенденциясының рөлін ғана иемденіп отыр. Соның өзінде бұл тенденция объективті тұрғыда детерминацияланған және де болашақта «халықаралық қатынастарды» екі жарым ғасырдан астам өмір сүрген бейнесінен өзгертіп, жаңа үлгіде туындатуы әбден мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет