Ашекеева Ќ



бет30/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

2-сұрақты қорыта айтқанда, саяси серке адамдардың көңіл-күйін, ой-арманын, үмітін, ұмтылысын, зәрулігін кай сәтте болмасын мүлтіксіз сезініп отыруы керек. Ол баскаларға жақын жолдасындай қарап, халықтың мүктаждығын қанағатгандырарлықтай камқоршыл болса, қалың жұрт оны шексіз сенімге бөлейді.

  1. Қазіргі Қазакстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.

Өтпелі кезең адам тұлғасының дәстүрлі және қазіргі кезеңдегі дүниетанымына әсер етсе, сондай-ақ саяси институттардың ішкі формаларына өзгеріс әкеледі. Өтпелі кезеңдегі саяси даму демократиялық құндылықтарға жақындау көптеген адамдарға әсер етіп, шешім қабылдау процесіне азаматтарды тарту кезеңімен айқындалады. Сол себепті саяси институттардың көбеюі байқалып, көшбасшылық рөлі артады. Бізде саяси көшбасшылықты жүйелі түрде зерттеу әлі де дамымаған. Ортақ көзқарас бойынша саяси көшбасшы болып Қазақстанда тек президент болып саналады.
Алайда саяси теория саяси көшбасшыларды екі жолмен айқындауға болады деп есептейді. Бірінші: көшбасшылық ресми қызмет атқарады немесе ресми басқарушы топтардың мүшелері не болмаса шешім қабылдайтын ұйымға кіреді. Екінші: көшбасшылар ресми қызмет атқармайды, бірақ олардың қатысуымен саяси процесте елеулі өзгерістер болады.
Қазақстандық саясаткерлер көшбасшылыққа өкіметте жоғары қызмет атқарып автоматты түрде лидер болуда. Мысалы, премьер-министр көшбасшылыққа тек қызметі арқылы жетеді. Атқарушы биліктің басшысы болу қандай саясаткердің арманы. Ол қызметке жеткендер үшін бұл позиция қас пен көздің арасында өте шығады. Көптеген елдерде президент немесе премьер-министр болып қызмет атқару мерзімі қысқа, ал ол қызметке жету жолы өте ұзақ. Көшбасшы болу сыйы аз уақытқа берілуі, мұндай қызметтің өте жоғары болуына байланысты.
Көп елдерде көшбасшылық бір немесе екі адамның қолында жинақталған. Азғана саясаткерлер ғана көшбасшылыққа талпынады, көпшілігі болса саяси көлеңкеден шықпайды немесе ресми көрінуге қорқады. Сол себепті көшбасшылыққа апарар жол адамзаттың ең қауіпті ойлап тапқан жемісі деуге болады.
Көшбасшылардың тақтан таю жолдарын зерттеушілер бірнеше топқа бөледі:

  1. Саяси емес (өлім немесе ауруға шалдығу, зейнетке шығу).

  2. Институтционалдық (ерекше тапсырманы орындау мерзімінің аяқталуы, автоматтық тәртіп немесе қызмет атқару мерзімінің аяқталуы, сайлаудағы жеңіліс).

  3. Жүйелі прессинг (елбасының жарлығымен қызметтен кету, парламент немесе партиялардың арқасында жұмыстан босау, дауыс беру арқылы қызметтен босау).

  4. Жүйелі емес қимылдар (төңкеріс және басқа да күш қолдану арқылы).

Биліктен кету көп саясаткерлер үшін бұрынғы қызметіне оралумен аяқталады.
Қазақстанда өтпелі қоғам типіне сәйкес саяси көшбасшылық институты тек қалыптасып келеді. Жоғарғы білімді болу, нақты партия мүшесі болу сияқты көшбасшылықтың ерекше факторлары әлі қалыптасу үстінде. Саяси көшбасшыны айқындайтын жағдай оның ізбасарларының болуы. Көшбасшы өзін қолдаушылар алдында есепті болады. Қазіргі таңда Елбасынан басқа Қазақстанда саяси көшбасшылардың нағыз қолдаушылары жоқ. Мұндай жағдай бір жағынан саясаткерлердің айқын мақсаттарының болмауынан, екінші жағынан билікке деген таластың жоқтығы. Жоғарыда аталған механизмдердің қалыптаспауы саяси көшбасшылықтың жоқтығын түсіндіреді.

  1. Саяси көшбасшылық институтын қалыптастыру механизмі біріншіден саяси жүйені зерттеу, жетілдіру, дамыту жолдарын қарастырады. Саяси жүйе саяси көшбасшының мінез-құлқына әсер етсе, саяси көшбасшылық институты қалыптасқан саяси жүйеге әсер етіп, оған өзгерістер енгізеді. Саяси институттар көшбасшының рөлін арттырып оның тұрғындармен байланысын жақсартып, азаматтардың белсенділігін жоғарылатуға көмек береді.

  2. Азаматтық қоғамның жүйелі дамуы саяси көшбасшылықтың дамуына тікелей әсер етеді. Яғни экономикалық, саяси, әлеуметтік ұйымдардың плюрализмін дамытуды қарастырады. Азаматтарды саяси процестерге бұқаралық түрде араласуы, саяси партиялар мен қозғалыстардың мемлекеттен тыс белсенді болуы ресми саясаткерлер санын арттырып, жаңа саяси көшбасшылардың қалыптасуына әкеледі. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың азаматтық бостандықтар үшін күресуі елдегі демократияның дамуына оң әсер етеді. Азаматтық қоғамдағы қоғамдық ұйымдардың қызметі демократияны дамытуға бағытталса, екінші жағынан балама саяси кеңістік ашып, көшбасшылық институтын дамыту болып табылады.

  3. Партиялық жүйе. Саяси партиялардың негізгі функцияларының бірі саяси элитаны қалыптастыру. Партиялар кадрларды іздестіріп қана қоймай, оларды дайындап қоғамдық саяси қызмет алғышарттарын енгізіп саяси тәжірбие береді. Көптеген партияларда саяси көшбасшылар біраз уақыт жұмыспен айналысып, көлеңкеде қызмет етеді. Саясаткердің өкіметте жоғарғы қызметке келуін партиялар қадағалайды.

  4. Орта кластың болуы. Дүниежүзілік тәрбие көрсеткендей көптеген саяси көшбасшылар орта класстан шыққан азаматтар. Бұлай болуы азаматтың жоғарғы білім алуға мүмкіндігінің болуына, ерекше әлеуметтік көзқарасының болуына байланысты. Қазақстанда орта классты дамыту әліде болса қалыптасып келеді. Олай болса саяси көшбасшыларды саяси аренаға шығару процесі болашықтың еншісінде деуге болады.

Қазіргі замандық Қазақстан жағдайында саяси лидерлік түрлі деңгейде, яғни лидерлік белгілі бір жергілікті жерде немесе топта, сондай-ақ саяси қозғалыс немесе партия шегінде жүзеге асатын жалпы мемлекеттік, аймақтық және жергілікті жер деңгейінде болады. Қазақстандағы лидерлікті түсіну үшін елдің Президенті болып табылатын мемлекет басшысы туралы әңгіме болған кезде, оны жалпы мемлекеттік деңгейде зерттеп білу шешуші маңызға ие болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елдің Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтаушы мемлекет басшысы, жоғарғы лауазымды адам болып табылады. Парламенттің келісімі бойынша ол премьер-министр лауазымынтағайындайды, Үкіметтің құрылымынанықтайды және жасақтайды, республиканың орталық атқарушы органдарын қысқартады және қайта құрады, мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, Сенат ұсынған заңдарға қол қояды. Президент мемлекеттің Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады, қауіпсіздік Кеңесін, Жоғарғы сот кеңесін құрады. Заң күші бар Жарлықтар мен Өкімдер шығарады, кейбір жағдайларда Заң шығарады. Қазақстанның бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев қазіргі заман жағдайында реформаны жүзеге асыру үшін жағымды ықпал етеді, елдің ойдағыдай ішкі дамуымен және Қазақстанның әлемнің барынша бәсекелестікке қабілетті 50 елінің қатарына енуімен байланысты барлық проблемаларды шешеді. Қазақстандықтар біздің мемлекетіміздің саяси лидері ретінде Н.Ә.Назарбаевтың қызметін жоғары бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет