Ашекеева Ќ



бет29/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

Саяси жетекшіліктің жіктелуі және топ бастаушылардың жеке қасиеттері.
Саяси жетекшілікті ғалымдар жіктегенде мынандай принциптерді негізге алып жүр:

  1. Тарихи принцип. Мұнда жетекшінің тұрпатын (типін)
    дәуірмен байланыстырады, ол өмір сүрген әлеуметтік ортаның
    жемісі ретінде қаралады;

  2. Ықпал ету көлеміне карай жалпыұлттык, аймактық, қалалық, аудандык саяси жетекші болып бөлінеді;

  3. Таптық принцип. Бұған жұмысшылар, шаруалар, буржуа-
    зияның, әлеуметтік топтың жетекшілері жатады;

  4. Қазіргі әлеуметтік кұрылыска катынасы жағынан оны жақ-
    тайтын, оған қарсы шығатындар болып бөлінеді;

5.Қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының касиеттері, дарындылығының арқасында немесе жағдайға карай көтерілген жетекшідейді;
6. Бастамашы, рух беруші жетекші немесе басталған істі орын даушы ретіндедетоптастырады.
Саяси топ бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасаған немістің әлеуметтанушысы — М.Вебер. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеді: 1) билік әкеден балаға мирас ретінде калатын әдет-ғұрып жетекшілігі; 2) ерекше қадір-қасиеті, кабілетіне (ақылдылығына, батырлығына т. т.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар; 3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылықорынға келген саяси серкелер.
Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кеңтараған түрін американдық профессор Дж. Херманн ұсынды. Ол саяси топ бас-таушыларды бейнесі (имиджі) бойынша былай жіктейді:
Ту көтерер саяси жетекші. Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын да біледі. Ол өмірде болып жатқан оқиғалардың сипатын жаксы түсінеді, оны өзгертудің жолын, қарқынын айқындайды. Мысалы, Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы болған Махатма Ганди, негрлердін азаматгық құқығы үшін күрескен Мартин Лютер Кинг, Иран халқынын, көсемі Аятолла Хомейни; қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қушылардың мүддесін дәлме-дәл білдіре білудін арқасында кұрметке бөленеді.Мысалы, Л. И. Брежнев, К. У. Черненко, Д. А. Қонаевтар
Коммунистік партияның сондай өкілдері болатын;
Саудагер топ бастар. Оның ерекшелігі — алдына койған жоспарды іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып,
сендіре білу қабілетінде. Мысалы, Американын 40-президенті
Р. Рейган, Ресей президенті Б. Н. Ельцин.
Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уакыттың талабына сай өз
жақтастарының жинақтап койған сауалына, кысылтаяң жағдай-
ларда шапшаң шешім тауып, жол керсете алады. Мысалы, Д. Буш,
Б. Клинтон, Я. Арафат.
Әрине, өмірде бұл көрсетілген төрт түрі теориядағыдай таза калпында емес, көбіне аралас күйде кездеседі.
Қызметті аткару тәсіліне қарай авторитарлык және демократиялық жетекші деп бөлінеді. Авторитарлық жетекші өз жұмысында күш қолдануға сүйеніп, жалғыз өзі басқарғысы келеді. Демократиялық жетекші болса, алдағы максатты белгілегенде және оны іске асырғанда қасындағы адамдарды қатынастырып, олармен акылдаса отырып шешеді.
Түріне қарай "формальды", "формальсыз" деп бөліп жүр. Формальды жетекші белгіленген ережелер арқылы басшылық орынға тағайындалады. Формальсыз жетекшіні қатысушылар өздері тандайды. Ондай серкелер, әдетте, кішкентай топтарға тән келеді. Ал ұйымдасқан үлкен топтарда, әлбетте, формальды басшылар болады. Мысалы, әскербасшылары, кәсіподақ, корпорация басшылары және т.б. Саяси қауымдастықтың жоғарғы кұрылымы — үкімет болып есептеледі.
Саяси серкенің жүмысы мынандай кезендерден тұратын үш қызметті атқарады:
"диагностикалық" міндет: саяси серкелер калыптасайын деп
келе жатқан жағдайды зерттеу аркылы оған баға береді; яғни "диаг-
ноз"кояды;
саясатты белгілеу: жетекші өз табының, жақтастарының
мақсатына сай шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тап-
сырмабереді;
іске тарту: жетекші өзінің белгілеген саясатын іске асы-
руға тырысады. Ол үшін өзінің тобы, жақтастары оның іс-әрекет
жоспарын қолдауы керек. Соның, арқасында оны жүзеге асыруға
жүмылдырылады.
Қоғам болған соң, оның өзіне тән қиыншылықтары, қайшы-лықтары болмай коймайды. Оларды мемлекет байқап, дер кезінде шара қолданып, өрістетпеуге тырысады. Бірақ бүкіл мәселе оңай шешіле бермейді. Кейде мәселенің түйіні шешілмей дертке айнала бастайды. Мұны көрген саяси серкелер бірінші байқап, мәселені кетереді. Олар жағдайды өзгертудің жолын көрсетеді. Егер олардың ұсынған жолы көпшілік жұрттың көңілінен шығып, қолдау тапса, қоғамдық қозғалыс пайда болуы мүмкін. Оны басқаратын серкелердің шығуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай қозғалыстардың өрісі ауқымды болып, түбегейлі жетістіктерге жетсе, қоғамның саяси мәдениетінде айтарлықтай өзгерістер де болуы ықтимал.
Әлеуметтік жүйенің қандай субъектісі болмасын — жеке тұлға, адамдар тобы, партия, тап, халық майданы немесе тағы басқа ұйымдар сияқты қоғамдық кұрамалар — жетекші бола алады. Жетекшіліктің күші өз жақтастарыныңтүпкілікті мақсат мүддесін іске асыра білуінде.
Саяси серке адамдардың көңіл-күйін, ой-арманын, үмітін, ұмтылысын, зәрулігін кай сәтте болмасын мүлтіксіз сезініп отыруы керек. Ол баскаларға жақын жолдасындай қарап, халықтың мүктаждығын қанағаттандырарлықтай камқоршыл болса, қалың жұрт оны шексіз сенімге бөлейді.
Нағыз саяси серке шиеленіс, кикілжіндерді дер кезінде түсіне біліп, өрістетпей, уакытында жоя білуімен сипатталады. Одан да жақсысы саяси дау-жанжалдардың алдын ала білгені жөн. Саяси тәжірибеде дау-дамайға катысушылардың өзін-өзі ұстауының бірқатар дәстүрлі, түрлері бар. Оған шегіну, бәсекелесті таптап, басып тастау, ымыраға келу жатады.
Нағыз серке осының бәрін есепке алады. Ол шиеленісті шешудін ең қолайлы тәсілі — оған қатысушылардың қай жағы болмасын ұтыста болатындай жағдайды іздестіру керектігіне олардыңкөздерін жеткізе білуде. Ол үшін жетекші саяси кикілжіңге катысушылардың назарын тек өзінің, ғана емес, сонымен қатар басқаның да пайдасын ойлайтындай жағдай тудырады. Тіпті, қиын жағдай болса ол, тым болмаса, саяси тепе-тендікті сактауға тырысады.
Қоғамдық процесті басқаруға катысушылардың бәрі бір-біріне барынша қатал, сын көзбен карайды. Бірақодан орынсыз күдік, шүбәлану немесе қызғаншақтық тумауы тиіс. Әлемдік тәжірибеде саясаттың қайсыбір субъектісі болмасын коғамдық-саяси қажетгілігі, пайдалылығы бар деген үғым бар. Әрбір субъект, қандай ресми тұлға не топ болсын, егер оның іс-әрекеті заңға сәйкес келмегендігі немесе қоғамға зиян келтіретіндей қүзыретсіздігі дәлелденбесе, саяси қызметке еркін араласа алады.
Серкенін рөлі әсіресе өзгерісті дәуір, өтпелі кезенде зор болады. Мұндай жағдайда оған нақтылы мақсаттарды дүрыс түсініп, жылдам шешім кабылдауға тура келеді. Сонысымен көзге түседі. Саяси серкеге қандай қызметтер лайықты? Олардың ішінде негізгілері мыналар: белгілі бір топтың көзқарастарын ескеру, білдіру және корғау; қоғамның мүддесін өзінен жоғары қою; іс-әрекеттерді ұйымдастыра білу; білімділік; көрегендік; шешендік; саяси мәдениеттілігі, әдептілік, әзіл-оспақты түсіне білуі; өзіне назар аудара білушілік және т. б.
Сонымен қатар әр түрлі дәуір, әлеуметтік топтар мен таптар әртүрлі қасиеттері бар жетекшілерді қалайды. Айталық, футбол командасының капитанына бір қасиетгер жарасса, ғылыми ұжымды баскаруға олар ыңғайсыз болуы мүмкін, ал саяси ұйымдарға жетекшілік етуге үшінші қасиеттер қажет болады.
Саяси қайраткерлердің мәртебесі (статус) бірдей болғанмен, олар өз рәлін әр түрлі түсінуі мүмкін. Біреулері шын мәніндегі саяси серке болса, біразы соларға ұқсампаз болады.
Ұқсампаздар өзінен артық, ақылдырақ біреудің рөлін ойнайды. Ондай саяси кайраткерлер ең алдымен калай да жұртқа ұнау, соның арқасында өзіне пайдалы саяси бейне (имидж) жасау үшін қам жейді. Ол халық арасында кеңтараған ой-пікірлерді жылдам қағып алады, оның ойынан сөзі жүйрік келеді. Мұндай адамды көбіне популист деп атайды. Ол күрделі мәселелерді сырттай карағанда тартымды ұрандармен түсіндіруге тырысады. Әдетте, өз бағдарламасынатоқталмай, қарсы жақты, саяси бәсекелесін аяусыз сынайды. Сайлау алдында орындалу, орындалмауына қарамай уәде бергіш келеді.
Саяси серкелікті сөз еткенде қоғамның қозғаушы күшіне тоқ-талмауға болмайды. Көптеген шетелдердің ғалымдары ондай күшке ұлы тұлғаларды жатқызады. Мысалы, Американың фәлсафашысы Дж. Дьюи: "Қоғам өзінін дамуында ұлы көсемдерден серпін, қозғаушы күш алып, бір сатыдан екінші сатыға көтеріледі. Сондықтан ол кездейсоқ себептерге байланысты дамиды" деп пайымдайды. Сол елдің фәлсафашысы Синди Хук "Тарихтағы батыр" деген еңбегінде тарих ұлы адамдардың еңбегінің нәтижесінде дамиды және оған тек серкелер ғана әсер ете алады деп есептейді. Фрейд батырға табыну жастық шақтан қалыптасады деген бола-тын. Хук соныңсөзін қайталап, бала ең алдымен ата-анасынан, одан соң мұғалім немесе қойған сұрақтарына жауап беретін басқа адамнан тәуелді келеді. Сондықтан тобыр өзін бастайтыи көсемді іздейді. Ол отбасында әке кандай рөл атқарса, қоғамда серке сондай рөл атқарады деп тұжырымдайды.
Шетелдерде бұған жақын "элиталар" теориясы бар. Ол жөнінде біз бұрынырақсөз еткеміз.
Марксистер тарихтың қозғаушы күші халық дейді. Шын мәнінде, ұлы тұлғалар белгілі жағдайда шешуші рөл атқаратынын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар ол объективтік жағдайды өз бетімен қалай болса солай өзгерте алмайды.
Ұлы тұлғаларды шексіз дәріптеу жеке басқа табынуға әкеліп соктырады. Ол азаматтардың демократиялық құкықтарытапталған елдерде дамиды. Тарих көрсеткендей, кандай басшы болмасын оның ақыл-ойы миллиондаған адамдардын тәжірибесіне жетпейді.
Жеке басқа табыну кәбіне бірпартиялық әкімшілік кезінде біркатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, оларға жататындар: Сталин, Мао-Цзе-Дун, Ким-Ир-Сен, Броз Тито, Энвер Ходжа және т. б. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, адамзаттық, құқықтык мемлекетті орнату кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет