Ашекеева Ќ



бет28/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

Лидердің психологиялық портреті, теориялары
Лидердің психологиялық портреті саяси лидерлердің психологиялық биографиясы негізінде жасалады. Ол бір жағынан әртүрлі халықтардың социологиялық ерекшеліктерін және олардың саясаттағы кәріністерін есепке алады. Лидердің психологиялық портреті саяси лидерлік психолгияны сипаттайды. Осы ретте «лидерліктің белгілері» концепциялары да пайдаланылады. Лидердің психологиялық тұлғалық белгілерінің жиынтығы 100 ден асатыны белгілі. Лидерлерді классификациялағанда бұлар қажет. Лидердің басшыдан айырмашылығы бар. Басшы ресми түрде ұжымды және ұйымды басқаратын адам. Қазіргі кезде мемлекеттік дәрежедегі саяси лидер феноменінің маңызы артып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде өте өзекті. Дегенмен лидер анықтамасы әр автор әр түрлі береді.
Олардың бастылары мыналар:«Ұлы адам» теориясы немесе лидерліктің харизматикалық теориясы. Бұл бойынша лидерлікті тұқым қуалау негізінде түсіндіреді.
Лидерліктің ситуативті теориясы бойынша лидерлердің пайда болуы ортаға, уақытқа және жағдайларға байланысты. Басқаша айтқанда лидер болу белгілі бір жағдайда, уақытта топтан суырылып шығып өз қасиетін көрсете алуы.
Лидерліктің тұлғалық – ситуативтік теориясы бойынша мынадай төрт фактор еске алынуы керек: 1) лидердің адам ретіндегі белгілері мен дәлеледері; 2)лидердің жолын қуушылар үшін белгілі бір келбеті болады;3) лидердің ролінің сипаттары; 4)лидерің жолын куатындар үшін ресми және құқықтық негіздердің болуы.
Лидердің үміткерлік – қарым-қатынастық теориясы. Ол бойынша нақтылы бір жағдайда лидер стилінің сәйкес келуін айтады. Лидерліктің басқа да толып жатқан теориялары бар. Ол бойынша лидерліктің психологиялық ерекшеліктері қарастырылуы керек. Саяси лидердің тұлғалық қасиеттерін талдауда мыналарды еске алу қажет: лидердің өзінің «Мен» концепциясы; оның саяси мінез-құлқына әсер ететін себептері мен сұраныстары; саяси сенімінің басты жүйесі; жеке тұлғалық қарым-қатынас стилі; стресс жағдайында өзін-өзі ұстай білуі; өмір баяндық талдау; саяси іс-әрекетін эволюциялық өзгерістері.
Лидерлік–жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес. Лидерлік дегеніміз–әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барыпқоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын лидерге деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Лидерлік саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Лидер саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Лидерлік ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.Егер субъектіні саяси қауымдастық өзінің мүддесі мен еркін білдіруші ретінде (яғни заңды болып табылатын болса) мойындайтын болса, онда ол саяси лидер ретінде сөз алады. Яғни бұндай мойындау нормативті, ұйымдасқан, идеологиялық, дәстүрлі және қоғамдық пікірмен бекітіледі. Бір жағынан лидер қоғамға биліктік органдар мен механизмдер арқылы, ал екінші жағынан өзінің саяси және идеологиялық көзқарастары мен пікірлері, саяси қызметінің мазмұны мен бағыттары, тәжірибесі мен іс-әрекетінің стилімен ықпал етеді. Осы айтқандар арқылы лидер тек көпшілік биліктің тұтқасына ғана сүйенетін кезкелген басқа басшыдан ерекшеленеді.Лидерліктің типологиясы барынша шартты болып келеді және түрлі критерийлер бойынша сараланады:
–лидерлік типі бойынша: программист, стратег, орындаушы, дем беруші;
–қызметінің сипаты бойынша: әмбебап, жағдайға қарай әрекет етуші;
–басшылық ету стилі бойынша: демократшыл, авторитарлы, анархиялық;
–кешенді критерий: дем беруші, әмбебап, авторитарлы, орындаушы, жағдайға қарай әрекет етуші, стратег, демократшыл және т.с.с.
Саясаттанудағы барынша кең тараған билікті алу тәсілі және оның заңды болуы бойынша М.Вебердің деректеріне сәйкес лидерліктің типологиясы саналады.
М.Вебердің айтуы бойынша лидерліктің типі:
1.дәстүрлі лидерлер (көсемдер, монархтар);
2.рационалды-заңды (билікті қолданыстағы бар заңдардың негізінде алады);
3.харизматикалық (яғни, беделді адамның бойында ғажайып қабілеттердің болуы).
Саяси лидерге бағаны бірқатар факторлардың негізінде беруге болады:

  • жалпы міндетті шешудің барынша ұтымды вариантын табуға деген оның қабілеттілігі;

  • таңдап алған жолдың мақсатқа сай екендігіне көпшілікті сендіру және алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін оларды ұйымдастыру;

  • жаңа нәрселердің өсуін уақытында байқауға деген оның мүмкіндіктері, қоғамның тезірек даму прогресі мақсатында оларға қолдау беруді қамтамасыз ету.

Саяси лидерлік мәселесі – казіргі саяси психологиядағы маңызды проблемалардың бірі. Лидерлік және жетекшілік. Б.Д.Парыгиннің лидерлік пен жетекшілік түсініктері туралы әлеуметтік-психологиялық теориясын атап айтуға болады. Лидердің саясаттағы орны мен ролі үлкен. Лидердің жеке басының белгілері мен ерекшеліктері саясатқа әсер етеді. Лидер бейнесі (имиджі) (психологиялық тест негізінде). Батыстық саяси психологиялық зерттеулер саяси лидерлік теориясының негізі топтарын жіктеп, қарастырады. Саяси лидер мінез-құлқына психологиялық талдау жасауға болады. Саяси лидер мен оның командасының ара қатынасының психологиясы ӛз алдына мәселе. Харизматикалық лидерге сипаттама беру. «Мен» – саяси лидер концепциясын талдау (лидердің өзіне-өзі баға беруі немесе оның саяси-әлеуметтік ұстанған бағытындағы қиыншылықтар туралы). Саяси мінез-құлыққа ықпал етуші лидер қажеттілік болып табылады.Лидер үшін көпшілікпен байланысты жоғалтпау, олардың мүддесін дұрыс сезініп, білу және соған сәйкес әрекет ету маңызды. Қоғамның өзінің саяси лидерін таңдауы –айырықша маңызды іс.
Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаущылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты кдсиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға койған мақсатқа жету үшін каланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ыкпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқару-шы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақсаяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтын (лидерліктің) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидің "Патша" деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден түрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін — соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық кайрат-жігері, кабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.
Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазір саяси топ бастаушылар деп коғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтерді атқарады: қоғамныңтүбегейлі құндылыктары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айкындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, зандылықтың, тәртіптің кепілі болу.
Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтын немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар, оқиғалар кездеседі. Сонда көш бастайтын көсемге қажеттілік пайда болады. Сонымен катар топ бастаушы өзін-өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндікте болуға тиіс. Оған пікір еркіндігі, көппартиялылык, парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру, тағы басқалар жатады. Мүндай жағдайда әлеуметгік мүдделерді бейнелейтін адамдардың саяси ойыныңталасы, бәсекесі толассыз жүріп жатады. Ал тота-литарлык және авторитарлык жағдайда саяси көсемдер емес, диктатура, номенклатура мен бюрократия жеңеді. Олар билік басына демократиялык жолмен, жетекшілікке жету зандылықтары аркылы емес, қулык-сұмдық, зорлық-зомбылық әрекеттерді пайдаланып жетеді. Саяси топ бастаушы (көсем) болудың 2 жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді максатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.
Саяси жетекшіге қарама-қарсы ұғым—саяси бастаушы, көсем-сымақ. Ол ұғым XIX ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері: көпшіліктіңтап казіргі қарапайымталаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдык сезімге берілген (араздыққа, кастыққа, қоркынышқа, үрейге, өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т. б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай, ығында жүреді.
Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып өзініңатын шығарады, мансап құрады. Өйткені көпшілік, әдетге, жасампаздықтан гөрі қиратып, бүлдіру идеяларын оңай және жылдам қабылдайды.
Өмір дәлелдегендей, кейбір саяси бастаушылардың тағдыры кездейсоқтуады. Олар өз басынын, іскерлігі, абыройының арқасында емес, белгілі бір тарихи уакытта белгілі бір желіге (струя) кез келіп қалудан.
Бұрынғы Кеңес Одағынын күйреуі, егемендік алған республикалардағы өмірдің демократиялануы саяси жетекшілерге сұра-нысты кебейтті. Оның үстіне бұрын орнаған байланыстардын, үзілуі, нағыз нарықтық реттеу тетіктерін жете білместік және т. б. себептер өндірістің кұлдырауына, халықтың әл-ауқатының нашарлауына әкеліп соқтырды. Мұның бәрі жұртшылықтың наразылығын тудырды. Соның нәтижесінде саяси және әлеуметтік жағынан пісіп жетілмеген көсемсымақтар пайда болады. Бүл шынайы өмірді және қолда бар тәжірибені зер салып зерттеуді, саралауды талап етеді.
ТМД елдеріндегі ереуілдер көрсеткендей, саяси бастаушы болу оңай да, сенімсіз де. Себебі "сүйікті" деп тауып, қолпаштап кетерген жұрт егер айтқанын істеп, дегеніне жүрмесе немесе өзіндік бөлек іс-әрекет жасаса, сырт айналуы оп-оңай.
Саяси көсемді саяси бастаушыдан (көсемсымақтан) калай айыруға болады? Ол қиын емес. Онын негізгі ерекшелігі — саяси көсемнің жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып отыру қабілетінде.
XIX ғасыр аяғында-ақсаясаткерлердің арасында бұл туралы пікірлер айтылған. Егер халық көсемнің идеяларын толығымен түсініп, қабылдаса, онда оның керегі не? Мұндай жағдайда ол не халық арасында сіңіп кетуі керек немесе жана идеялар ұсынып және оның жүзеге асу тетіктерін көрсетіп, өзінің алдыңғы қатарлы рөлін әркашан дәлелдеп отыруы керек. Яғни, саяси көсем халықтың максат-мүддесін жай ғана біліп, жинап, кұптап қана қоймай, оларды жаңаша ұғынып, дамытып, дәлелдеп, түзетіп отыруы керек.
Саясаткердің жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, саяси сенімінде білінеді. Барлық даңқты саяси көсемдердің тарихта қалуына олардың саяси бағдарламаларының пайдалы, жемісті, өзіндік ерекшеліктері себепші болды.
Саяси тұғырнаманын жаңашыл, бәсекелестікте тойтарыс бере аларлықтай "күшті" болуы үшін мынандай талаптарға жауап беруі керек. Ең алдымен, әр түрлі әлеуметтік топтар мен коғамдық бірлестіктердің басын қосып, олардың колдауын камтамасыз ететін, бірден көзге түсерлік басты мақсаты болғаны шарт. Екіншіден, койған максатқа жетудіңтерең талданған тетігі, нақтылы жолдары көрсетілуі тиіс. Үшіншіден, егер бағдарламада көрсетілген мақсаттар орындалған жағдайда ол әрбір сайлаушыға, отбасына, ұжымға кандай экономикалық, әлеуметтік, рухани игіліктер әкелетіні түсіндірілгені жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет