Ашекеева Ќ


Платонның мемлекет, билік туралы саяси ойлары



бет8/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

Платонның мемлекет, билік туралы саяси ойлары. Платон /б.з.д.427-347жж/ «Мемлекет», «Заң» деген еңбектерін адамзат қоғамына арнаған, онда ол өз көзқарастарын паш етеді. Ол өз заманында «мінсіз, ізгілікті мемлекетті» орнатқысы келді. Ол дұрыс және дұрыс емес мемлекеттердің түрлерін көрсетті. Платон дұрыс мемлекетті басқару түрін «полития» деп атады. Бұл сөздің баламасы «заң», «саясат» дегенге келеді.
Платон адамдарды 3 топқа бөледі:
1. Билеушілер /философтар/
2. Өз қаражатымен қарулана алатындар /жауынгерлер/
3. Қолөнершілер мен егіншілер /қоғамға пайдалы еңбек етушілер/
Осы тәртіппен бұлжытпай қызмет атқарған адамдар инабатты адамдар, осы тәртіппен басқарылған мамлекет нағыз қайырымды, кемелденіп жетілген мемлекет деп дәріптеді. Платонның мемлекет туралы теориясын «...египеттік касталық құрылысты афиндық тұрғыдан дәріптеу ғана»- деп бағалады К.Маркс «Капитал» еңбегінде. Платонның айтуынша, мемлекетті басқаруға лайықтылар жоғары білімді, ең бай, ірі құл иелерінің ұрпақтары болу керек деді. Платон жас ұрпақты тәрбиелеудің спарталық-аристократиялық түрін қолдап қана қойған жоқ, оны дамыта түсуді ұсынды. Мысалы, Спарта баланы 7 жасынан мемлекеттік тәрбиеге беру керек десе, Платон баланы 3 жасынан мемлекеттік тәрбиеге алу керек дейді. Платон мемлекетті басқарудың аристократиялық түрін қолдады. Оның ойынша, аристократия «өзгеше жұмақ», онда мемлекеттің мәні өз идеясына сай келеді деп түсіндірді. Платонның түсіндіруінше, саяси құрылыстың аристократиялық түрінен басқа мына 4 түрі азаматтардың «ізгілікті» өмірге ұмтылысының потенциалды әлсіреуімен сипаттады: тимократия (әскери адамдардың билігі), олигархия (ақ сүйектер, байлардың билігі), демократия (халық билігі), тирания (бір адамның заңсыз билігі). Платон мемлекетінің басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37 билеуші тұрды. Билеушілер жасы 50-70 аралығына дейін шектелді. Билік басында бір билеушінің 20 жыл тұруға мүмкіндігі болды. 360 мүшеден тұратын (әр топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуір билікке ие бола алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет