Байланысты: Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)
Орта ғасырлык Шығыстағы саяси ойлар (әл-Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаи).
XIX ғасырдың екінші жартысы қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси өмірінің түбегейлі өзгерістерімен сипатталады. Осы ғасырдың ортасында қазақ хандығы жойылып, ол Ресей империясының отарына айналды. Әлеуметтік-саяси жүйе түгелдей өзгерді. Сот жүйесі де Ресейдің зандары негізінде өзгерді. Қазақ жұртының жүзге, руға жіктелуімен қатар, енді болысқа, ауылға бөліну процесі күшейді, әлеуметтік-саяси өмірі руаралық тартыс, шиеленіскен күреске толды. Ел ғасырлар бойы, талай қилы замандарда зордың күшімен қалыптаса бастаған тұтастық-бірлігінен айырылу алдында болды. Сондықтан бұл ауыр кезенде Қазақстанда саяси ойдың дамуы бір бағытта болды-қазақ жұртының халықтық ой-санасын арттыру, күшейту, одан ұлттық ой-сананың қалыптасуына, дамуына демеу беру бағытында.
Осы бағыттағы саяси ойдың негізін салушылар қазақтың үш алып перзенттері – Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904). Бұл үшеуінің өмір сүрген уақыты, қоғамдық-саяси ортасы тарихи бір кезенде өткендіктен, арман-мүддесі де ортақтас болды – туған халқының ой-санасын ояту, әлемдік мәдениет қатарына ұлттық өркениетін сақтап, басқа дамыған елдермен тең етіп қосу. Сондықтан Шоқан да, Ыбырай да, Абай орыс халқының алдыңғы қатарлы прогресшіл мәдениетін қазақ даласына таратушылар ретінде Қазақстан тарихыннда ағартушылық қозғалысының негізін жасады.
Жалғыз қазақ халқының ғана емес, Орта Азия халықтарының да жаңа дәүірдегі тұңғын ғалымы Шоқан қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымы жөнінде көптеген еңбектер жазды. Олардың бастылары: «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері», «Қырғыздардың шежіресі», «Даладағы мұсылмандық туралы», «Қытай империясының басты өлкесі», «Қашғария туралы жазбалар», «Абылай», «Сот реформалары жайында хат». Соңғы аталған саяси еңбегінде Шоқан патша үкіметінің соттық реформасына қарсы шығып қазақтың ертеден қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен адамгершілік, демократиялық принциптерін қорғады. Бұқара халықтың мүддесіне сай билер сотының өзгеріссіз, ежелгі түрінде сақталуын қолдады. Билер сотының әдетте ауызша, халықтың ана тілінде, жұрт алдында ашық мәщіліс ретінде, яғни, демократиялық дәстүрде өтетінін ескертті. Шоқанның демократиялық саяси ой-пікірлерін кейіннен Ыбырай Алтынсарин мен Абай жалғастырады.
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, бас педагогі, этнографы, қоғам қараткері Ыбырай Алтынсарин бар өмірін жастарға білім беруге арнады. 1864 жылы тұңғыш қазақ мектебін ашып берді, 1879 жылы алғашқы «Қазақ хрестоматиясын» Қазанда бастырып шағарды. Қоғамның экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, колөнер, ауылшаруашылық училищелерін ашуға күш жұмсады. Қазақ қыздарына дүние жүзілік білім беру ісіне жол ашқан да Ыбырай Алтынсарин болды. Ол қазақ халқының жалпы мәдениетін көтеруді көксеп, ең алдымен, ел-жұррттының тұрмыс-салтын өзгертуге, отырық-шылыққа көшуге шақырды. Ыбырай Алтансарин қазақ халқының прогресстік даму жолында, орыс халқының озықмәдениетін қазақ даласында кеңінен тарату жолында жалынды күрескер болды. 1884 жылы Қазан қаласында басылып шыққан «Ислам Шариаты» атты кітабінда ғылым мен өнерді игеруде шариаттың зияны жоқ деп, барлық адамдарды қай дінде, сенімде болмасын, оларды бірін-бірі құрметтеуге,сыйлауға шақырды. Әл-Фарабидің адамзат бақыты туралы ойларымен үндес, барша адам өз бақытын тек адал еңбек арқылы табуға тиіс деді. Ыбырай өмір бойы қазақ халқын отырықшылыққа шақырып өтті, оған өтүдің қисынды дұрыс жолын бағдарлады. Патша үкіметінің «Дала облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережесі» (1868 ж.) ғасырлар бойын көшпелі өмір кешіп келген қазақтарды бірден күштеп отырықшылыққа айналдырып, артық жерлерді жаңадан қоныстанушыларға алып беругі ұйғарған болатын. Осыған байланысты Ыбырай былай деп жазды: «Даланы мекендеген халықтарды қабылдамас бұрын алдымен осы халықты және оның өмірін зерттеп білу ақылдырақ болмай ма? Бұл халықта отырықшылық үшін қандай алдын ала орындалған шарттар бар .... т.б. сол сияқты мәселелерді күні бұрын біліп алған дұрыс болмай ма?... Шындығында, табиғаттыңзаңында жас баланы бірден естияр адамға айналдыруға болмайды ғой». «Халыққа білім беру, қөзін ашу ісінің өзі осы отырықшылықпен тығыз байланысты» деді.
Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың даму жолында Абайдың алатын орны ерекше. Абай қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны, философы, ағартушысы. Абайдың әлеуметтік-саяси көзқарасында демократиялық, прогресшілдік бағыт басым. Абай қазақ бұқарасының идеологы, оның жарқын болашағының жаршысы болды. Бұл туралы Мұхтар Әуезов былай деді: Абайдың тікелей халықтығы – халықты езушілерді бұқараның тұрғысынан әшкерелеуінде... Абай халық жыршылары айта алмаған, бірақ халық бұқарасының санасында жүрген ойларды айтты. Осыдан келіп Абай халықтығының екінші бір сапасы басталады. Халықтың саналы түрде түсініп болмаған, стихиялы тілектерін, саналы түрде айтып, бұл үшін өз бойына жинаған нәрді пайдаланып, сол кездегі орыс мәдениетінің шыңына құлаш ұра, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бұкіл ұлттық қазына жасайды. «Қазағым» дегн сөзді Абайдың «ұлтым» деген мағынада түсінуі осыдан. Абай қазақты жалпы адамзаттық ой-санаға, гуманим биігіне шақырды. «атаның баласы болма, адамның баласы бол» деуі де осыдан. Ұлы ағартушы, саяси қайраткер халықты экономиқалық және мәдени мешеулікпен күресуге, прогресске, отырықшылыққа, білімге шақырды. Қазақ елін алға бастыруда орыстың мәдениетін, білімін, ғылымын үйренудің қажеттігін баса көрсетті. «Жиырма бесінше» қара сөзінде: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылымда – бәрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғалымын білмек керек.... Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді..... Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі», - деп жазды.
Қазақ қоғамындағы ең ауыр мәселенің бірі әйел теңсіздігіне, әйелді «қалың малға сату», әмеңгерлік тәрізді әйел адамгершілігін қорлайтын әдет-ғұрып зандарға Абай түбірімен қарсы болды. Жалпы алғанда, ол патриархалды феодалдық қоғамдағы кертартпалыққа, әділетсіздікпен заңсыздыққа, зорлық-зомбылыққа, үстем тап өкілдерінің қалың бұқараға жасаған қаталдығына, жауыздығына қарсы күрес жолында қысқа өмірін аяусыз қиды.
Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ халқының қоғамдық-саяси ой тарихында ағартушылық идеяларының одан әрі өркендеуінің негізін салды.