IV.Сабақ соңы: (Бекіту сұрақтары)
1. Б.з.б. *138 жылы Қытай императоры У-Дидің Батыс елдеріне аттандырған елшілігі қайтып оралды: 13 ж кейін
2.Жібек жолының халықаралық қарым –қатынас жағынан жандана бастаған кезеңі: б.з.б. ІІ ғ. ортасы
3. Қытай елінен алғаш рет артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр: б.з.б. І ғасыр.
4. Б.з.б. ІІ- І ғасырларада Қытай елімен сауда байланысқан ел: Үйсін
5. Алғашқы кезде сада жолына елшіліктер арасында және патшалар үшін аса бағалы тауар,ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген : жібек
6. Жібек матаны алғаш өндірген халық: Қытай
7. Жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезең: ҮІ ғ.
8. Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қойылу себебі: Батыс пен Шығысты байланыстырды.
9. Сауда жолына байланысты 568 жылы дипломатиялық келісім жасасқан елдер: Түрік және Византия
10. Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел: Соғдылар.
11. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: Жапония (Нарға қаласы)
12. Жібек жолының басы басталатын аймақ: Қытайдағы Хуанхэ («Сарыөзен» қытайша)
13. Жетісу аймағының орта ғасыр қалалары мен қыстаулары негізінен орналасқан: Ұлы Жібек Жолы бойында.
14. Ұлы Жібек жолының Оңтүстік Қазақстандағы сауданыңбасты орталықтары: Испаиджаб, Тараз.
15. Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала: Тараз.
16. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған ыдыстары табылған ортағасырлық қалалар: Тараз, Испиджаб, Отырар
17. Испиджаб қаласында Жібек жолы бөлінді: екі тармаққа.
18. Испиджабтан Жібек жолының оңтүстік- батыс бағыты бет алды: Шаш қаласына
19. Сығанақ қаласынан Ақсүмбе қаласы арқылы Жібек жолының бір тармағы бағытталды: Орт. Қазақстанға
20. ХІІІ- ХІҮ ғасырларда Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиға: Моңғол шапқыншылығы.
21. ХҮІІ ғасырдан бастап Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға: Теңіз жолдарының ашылуы.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Достарыңызбен бөлісу: |