Ашық сабақ Тақырыбы: Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі Орал-2022 жыл


ІІІ. Сабақтың ортасы(20-25 минут)



бет3/6
Дата04.11.2022
өлшемі0,96 Mb.
#156613
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ашық сабақ ҰЖЖ 2022ж жаңа

ІІІ. Сабақтың ортасы(20-25 минут)
(бейнебаян қосу)
Жаңа сабақты түсіндіруде
Суреттер арасында қандай байланыс бар?


Топ студенттерін 4 топқа бөлу.


1 топ- керуен
2топ-шахар
3 топ-құмыра
4 топ-карта

Әр топқа оқушыларға берілген қиынды қағаздарды құрастыру арқылы топтың атын шығарады..


Құрастырған қағаздың артында сұрақтар жасырынады
1-сұрақ. Жібек сауда жолына "ұлы" сөзінің қосылу себебі
2-сұрақ. Жібек жолының басы басталатын аймақ
3-сұрақ. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр
4-сұрақ. Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі
5-сұрақ. Жібек жолының халықаралық қарым - қатынас жағынан дами бастаған кезеңі
6-сұрақ. XV ғасырдың соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары үшін.
7-сұрақ.Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға
8-сұрақ. Қазақ хандығы үшін саяси-эканомикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған: Сыр бойындағы қалалар.


1.Бейнефильм көрсетіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=ezkn7H9W9tw
Ұлы Жібек жолы туралы бейнематериал көрсетіледі.
(Бейнематериалдың ұзақтығы қажеттілікке қарай қысқартылады.)
Бейнематериал мазмұны бойынша талқылау ұйымдастырылады.
Сұрақтар:
1. Ұлы Жібек жолы неліктен халықаралық сауда жолына айналды?
2. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймақтары арқылы өтті?
3. Неліктен қазіргі уақытта Ұлы Жібек жолы жанданды?
4. Қай мемлекет «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасының бастамашысы болды?
2.Білу және түсіну
Студеттерге алдын ала берілген тапсырма.
1 -тапсырма. Топтық жұмыс
І -топ. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
ІІ -топ Ұлы Жібек жолының халықаралық мәдениетінің, өркениеттің дамуына
тигізген әсері
ІІІ -топ. Ұлы Жібек жолы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі
IV –топ. Жібек жолының экономикаға әсері.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқалар жұлдыз құрт болып дамиды. Оны жұлдыз құрт немесе тұт жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған. Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді Қытай үкіметі өтеқұпия сақтаған. Соған қарамастан, оны өндірудің тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың шашының арасына жасырып алып шықса керек. Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады
Ұлы Жібек жолының халықаралық мәдениеттің дамуына тигізген әсері. 
Сауда кезінде жол бойындағыелдер бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың барысында өздеріне тек тұтыну бұйымдарымен қанағаттандырыпқана қоймайды. Олар өзара мәдени жағынан да байланысқа түсті. Жібек жолы арқылы жан-жаққа
діни ой-пікірлер де таратылды. 3–6 ғасырлардаҰлы Жібек жолымен көбіне «қажылар жолы»ретінде пайдаланылды, бұл жол арқылы будда
монахтары Қытайдан Үндістанға, ҮндістаннанҚытайға сапар шекті. 7–10 ғасырларда Ұлы Жібек жолының халықаралық маңызы арта түсті – Қытай Византиямен және арабтармен байланыс орнатты. 15 ғасырдан теңіз байланысының дамуына байланысты Ұлы Жібек жолы маңызын жоя бастады.Ұлы Жібек жолының ұзындығы 7 км-ден асты.Жібек жолы буддизммен қоса Батыстан Шығысқа қарай христиан және ислам діндерінің кең өріс алуынасебепкер болды.
Сауда кезінде сатылатын бұйымдардың өте тамаша,сәнді жасалуы— алушылардың мерейін көтеріп,жақсынәрседен адамның жан дүниесі бір ләззат алатынын көрсетті Жібек жолының бойындағы мәдени байланыс әсіресе музыка саласында ерекше байқалад
Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жолы» деп аталған. Жібекпенбірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа – Римде, Францияда,Византияда, Русьте, Иран мен Араб халифатында, Ерте түркіқағанаттарында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптегентауарлар ағылды.Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана пайдасын тигізіп қойған жоқ,ол Шығыс пен Батыс елднрінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да әсерін тигізді. Ұлы Жібек жолының жандана бастаған кезі б.з.д. ІІ ғасырдың ортасы Қытай императоры У Ди 138 жылы Батыс елдеріне аттандырғанелшілік 13 жылдан кейін оралған, осы кезден бастап Қазақстан, Орталық Азияны басып, Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шығып, керісінше батыстағы елдерден Қытайға қарай елшіліктер ағыла бастаға
Ұлы Жібек жолының экономикаға әсері
Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған күміс ақша мен заттар көмбесі. Көмбедегі тиындардың жиыны таңғаларлық. Ол жерде Шығыс Түркістан қалалары –Алмалық, Пулад, Эмиль (Еміл), Орда әл-Азамның; еуропалық Қырымның; малайзиялық Сива, Кони, Тебриздің; қазақстандық Жент қалаларының ақшалары жинақталған. Ақшалардың соғылған уақыты XIII ғасырдың 40–60 жылдары. Заттардың ішінен, әсіресе, күмістен жасалған ұйғыр жазуы бар құрама белдік жапсырмалар, ортаазиялық бұрама білезіктер, поволжиялық өрме білезіктер, Кіші Азия қалалары шеберханаларының бірінде жасалған белдік айылбастар – теңдесі жоқ жәдігерлер. Көмбе Моңғол империясы кезіндегі Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың айғағындай
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар.
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар.
Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және шағын қалалардың құрылуы мен дамуына игі әсер етті. 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз – ең ірі қалалардың бірі. 568 жылы түрік қағаны Дизабул Византия императоры ІІ Юстиниан жіберген дипломатиялық елшілікті қабылдаған. Тараз – түргештер, кейін қарлұқтар мен қарахандықтар үшін маңызды әкімшілік орталығы саналған.
Бұл – Тараздың сауда және әскери стратегиялық маңызды қала екенінің айқын дәлелі. Деректер бойынша қаланы ежелгі кезде ғұндар әскери бекініс ретінде орнатқан. Қала тұрғындары мықты жауынгерлер, жол бойымен өтетін керуен күзетін атқарып тұрған. ХІ ғасырдағы парсы ғұламасы Тебризи қалалықтарға: «Тараздықтар сияқты батыл, арабтар сияқты жомарт», – деген мінездеме берген. Тараз маңында қорғасын, күміс, темір және алтын өндіретін металлургиялық орындар дамыған.
Араб ғалымы ибн Хаукаль: «Тараз – мұсылман түркілердің сауда жасайтын орны» немесе «Тараз – көпестер қаласы» деп атады. Қала ішінде су құбырлары жүргізілген.
Жетісудың аса ірі сауда және әкімшілік орталығы Суяб – Батыс Түрік, кейін Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы болды. 629 жылы Суяб қаласында болған будда монахы Сюань Цзянь Түркі қағанымен кездесуін былай сипаттайды: «Бұл жатжерліктердің жылқылары әдемі. Қаған жасыл жібек шапан киген, басы ашық, жібек мата ғана ораған. Оған сәнді шапан киген, шаштарын бұрым етіп өрген екі жүзден астам тархандар еріп жүрді. Түйелер мен жылқыларға мінгендердің санында есеп жоқ, көзбен шолу мүмкін емес»
VIII ғасырда қала халқының саны үнемі өсіп отырған. Ортағасырлық қалалардың бірі Баласағұн – Қарахандардың астанасы есептелді.
Ұлы Жібек жолының тармақтары Іле Алатауының етегіндегі шағын қалалар арқылы өтті. Солардың бірі транзиттік сауда орталығы Талхиз (Талхир) бен Алмалық қаласы. Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалар қатарында Испиджаб (Сайрам) аталады. Орта ғасырларда Испиджаб сауда және дін орталығына айналды. Деректерде қала атауы алғаш рет VII ғасырда кездеседі. Махмұт Қашғари «Сайрам – ақ қаланың аты, оны Испиджаб атайды» деп көрсетеді. Жергілікті көпестер ақ маталар, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар мен ыдыстарды басқа жерлерге жеткізіп тұрды. Қалада теңге сарайы, базарлар, мата сататын орындар (тимдер) және керуен-сарайлар көп салынған. Қаладағы керуен-сарайлар жолаушы көпестер үшін маңызды рөл атқарды. Керуен-сарайлар құрылыстарын бай көпестер тұрғызды. Олар, әдетте, биік дуалдармен қоршалды. Керуен-сарайларда сауда жүргізіліп, қажетті ақпарат алмасатын орталық жұмыс істеген.
Керуен-сарайлардың біраз бөлігін ірі қалалардан келген көпестер иеленді. Испиджаб қаласының төңірегінде ондаған шағын қалашықтар мен тұрақтар орналасқан. Қала халқының саны адамдардың қалаға ағылуы есебінен өсті.
Ұлы Жібек жолы бойындағы атақты қалалардың бірі – Отырар (Фараб). Орта ғасырларда Отырар Сыр өңірінің ірі сауда және мәдениет орталығына айналды. Қалада монша, мешіттер мен медреселер көп тұрғызылған. Отырарда Шығыстың екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келді. Отырықшы қала тұрғындары мен көшпелі халық арасында мықты байланыс орнатылды. Жау шапқыншылықтары кезінде олар бірігіп отырды. Көшпелі халық қаланың берік қамалында жасырынды.
Ұлы Жібек жолы тармағында көне Түркістан (Йасы) қаласы орналасқан. XIV ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында қала Оңтүстік Қазақстан өңірінде маңызды әкімшілік, сауда, саяси және мәдени орталық ретінде санала бастайды. Ол әйгілі ғұлама Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тұрғызылуымен байланысты еді. Қазақ хандары Түркістан қаласын саяси астана ретінде бекітті. Ортағасырлық тарихшы ибн Рузбехан мәліметтері бойынша, қала Орта Азия мен Қытай аралығында атақты сауда бекетіне айналған: «Йасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде сату басталады. Қала көпестердің теңделген жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын есептелінді». Кейінгі ғасырларда Түркістан ірі егіншілік аймағының орталығы болып қала берді.
Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай ортағасырлық ірі сауда қалаларының бірі Сауран орналасты. Қала туралы алғашқы мәліметтер Х ғасырға жатады. Сол кезде өмір сүрген араб географы әл-Макдиси қаланы былай деп сипаттайды: «Сауран – бірінен кейін бірі жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан». XVІ ғасырда ибн Рузбехан Сауран шаһары туралы: «Бұл қала керемет көркем, ауасы өте таза, адам жанын көркейтіп, сергітеді. Маңайы құлпырған бау-бақшалар мен әртүрлі ағаштарға толы, қаланы айналдыра биік дуалдар қоршап тұр, ал оның етегіне терең ор қазылғандықтан жау ала алмайды», – деп жазады.
Қала сумен кәріздер жүйесі арқылы қамтамасыз етілді. Сауранның жаугершілік жағдайға лайықтап тұрғызылған қалың қорғаныс дуалдары оны мықты бекініс ретінде танымал етті.

Бағалау критерийлері



Дескрипторлар

+ , -

Басқа топтардың сұрақтарына жауап беру
(бір ұпайдан)




Өз мәтінін түсінікті етіп айту
(әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан)




Топтық жұмысқа белсенді қатысу




Уақытты тиімді пайдалан




Топтың бір мүшесі қолдау көрсет




Барлығы








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет