Қарттықтың екі елі ажырамайтын бір тірлігі ой., ой үстінде қалғып – мүлгу. Қалғу – менің тұлпары, ұйқы менің желмаям. Көзім ілініп кетсе, жаһан кезіп серуендеп, шаршағанымды оянғанда бір-ақ сезем.
Алайда қайда қашып құтыласың... Татар дәмің таусылмай көз жұмбайсын. Бірақ көп жасап, қатарымнан айрылып, жетім болғым келмейді. Өзімнен кішілерге топырақ салғыза көрме, тағдырым...
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр
батыр Бауыржан Момышұлы тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Б.Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен,қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.
www.ZHARAR.com
Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты
Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты
сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол
сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі.
www.ZHARAR.com
Б.Момышұлының өсиеттері
Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың. Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті. Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын Отан үшін отқа түс күймейсің.
www.ZHARAR.com
• Ердің туы – намыс. • Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. • Ердің Еділ тобығынан келмейді. • Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, Жауды күйрете алмайсың • Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті. • Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың, Өлтірмесең – өлімге тұтылдың. • Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін. • Қырағының өзі де, көзі де батыр. • Ерлік – елеусіз қалмас. • Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. • Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің еш шырын рахаты. • Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта. • Ежелден ел тілегі – ер тірегі, Адал ұл ер боп туса – ел тілегі. • Екі сырттан қанға батып таласса, Қарақұсқа жем болады.