Оқушылар пікірі.
-Өзара түсіністік, Сыйластық, Еңбексүйгіштік, Мейірімділік, Қайырымдылық, Білімділік
1-жүргізуші:
-Ендеше біздің бойымызда қандай да бір жақсы қасиет болса ғана, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ» - Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз.
Ой – толғау:
Екі дос кездесіп, әңгіме дүкен құрады:
Біріншісі:
-«Ұйықтап, жүз жылдан соң оянып, елімнің қандай болғанын көрсем ғой»- деді.
Ал, екіншісі:
-«Менің ұйықтағым келмейді, елімнің болашағын өз қолыммен тұрғызғым келеді»,-деді.
2-жүргізуші:
«Үлкен шаңырақтың» ең басты құндылығы – Тәуелсіздік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен есте қалды. Олай болса тақтаға назар аударайық.
1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ән: Атамекен.
Шағын музыкалық қойылым: Оқушылар шаңыраққа ілінген ленталарды ұстап айналады.
Бекзат Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Мәдина Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Нұрсәт Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Диана Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
Арсен Республикам менің,
Республикам менің,
Абатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
Достарыңызбен бөлісу: |