Көрініс көрсету:
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз отаным деп білемің.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.
1 – жүргізуші: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.
2 – жүргізуші: Бейбітшілік деп салған,
Халықтардың ұраны.
Қара күшке жұмсалған,
Ең жеңімпаз құралы.
Таң шапағы атқанда,
Серпілмейтін түн бар ма?
Әділеттік қашан да,
Жеңбей қалған күн бар ма?
1 – жүргізуші: Достық, тату өмірге,
Дүниежүзі сенеді.
Соғыс өртін өшіре,
Бейбітшілік жеңеді.
Жеңген ұран – жеңісі,
Рахаттанар адамзат.
Ел мен елдер келісіп,
Бейбіт өмір салтанат.
ӘН: «Ақ көгершін»
2 – жүргізуші: Ұлы Абайдың «Азаматтың бәрін сүй, бауырым» деп айтқан өсиетін, кемеңгер, ойшыл Пифагордың «Жердің жемісін жылына бір көрсек, достың жемісін күнде көреміз» деген сөзін басшылыққа алған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» деп атап өтті.
1 – жүргізуші: «Ел бірлігі –ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегендікпен Елбасы айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің
даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі
Достарыңызбен бөлісу: |