Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Біз -үлкен ел,үлкен отбасы. Мақсаты


Үміт :  Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытқа. Бала біткен дос-бауыр, Болмасын еш тосқауыл! Салауат



бет4/13
Дата09.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Үлкен үй

Үміт :  Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
Салауат : Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Әсемгүл: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Әлихан : Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз!
О: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
О: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
О: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!
О: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!


1 – жүргізуші: 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың – феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

2 – жүргізуші: Ассамблея 365 мүшесі, 471 – ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық – мәдени бірлестіктері 500 – ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

1 – жүргізуші: Бүгінде әрбір ұлтқа дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әде биетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.

2 – жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ән : Егемен Қазақстан.
1 – жүргізуші: Дән ексем жерге достық егер едім.
Бұлт болсам оған тамшы себер едім.
Жайнаған гүлден гөрі ыстық құмға,
Дос үшін жылда айналып келер едім.

2 – жүргізуші: Бір ата, бір ананың баласымыз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда – тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет