Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Біз -үлкен ел,үлкен отбасы. Мақсаты: ХХ ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені жайында оқушыларға жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін ояту. Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухта тәрбиелеу.
Әлеуметтік жағдайға бейімделген адамгершілігі мол ұлтжанды, толерантты, салауатты жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамуға арналған тәрбие саласындағы заң актілерін орындауға оқушыларды ұйымдастыру және оған жағдай жасау.
Кіріспе бөлім 1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар ! Бүгінгі біздің сыныбымыздағы 'Біз үлкен ел,үлкен отбасы" атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
2-жүргізуші:Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі тәрбие сағатымыз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.
Әнұран – «Менің Қазақстаным»
1 - жүргізуші: - Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге еңгелі отырмыз.
- Қалай ойлайсыздар, ол – қандай әлем? Мына тақтада жайдарлы жарқын кең қазақ даласында ақ отауды көріп отырсыздар. Әр отаудың өз шаңырағы болады. Ол отаулар бірігіп, үлкен шаңырақты түзеді.
Шаңырақ дегеніміз Ол – Атамекен, Отан.
2 - жүргізуші: -Бір үйде, бір «Үлкен шаңырақта» 140 туыс бірге тұрыпты, бәрі өздеріне жүктелген міндетті, тапсырған жұмысты атқарып, тату – тәтті тұрыпты.
Мұны көрген көршісі келіп:
-Біз бір үйде 2-3 адам тату тұра алмаймыз, ал 140 адам қалай тату тұрасыңдар?,-депті.
-Балалар, осының себебін сендер не деп ойлайсыңдар?