Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Біз -үлкен ел,үлкен отбасы. Мақсаты



бет7/13
Дата09.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Үлкен үй

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар ! Бүгінгі біздің сыныбымыздағы 'Біз үлкен ел,үлкен отбасы" атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
2-жүргізуші:Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі тәрбие сағатымыз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.
Әнұран – «Менің Қазақстаным»

1 - жүргізуші:
- Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге еңгелі отырмыз.
- Қалай ойлайсыздар, ол – қандай әлем? Мына тақтада жайдарлы жарқын кең қазақ даласында ақ отауды көріп отырсыздар. Әр отаудың өз шаңырағы болады. Ол отаулар бірігіп, үлкен шаңырақты түзеді.
Шаңырақ дегеніміз Ол – Атамекен, Отан.


2 - жүргізуші:
-Бір үйде, бір «Үлкен шаңырақта» 140 туыс бірге тұрыпты, бәрі өздеріне жүктелген міндетті, тапсырған жұмысты атқарып, тату – тәтті тұрыпты.
Мұны көрген көршісі келіп:
-Біз бір үйде 2-3 адам тату тұра алмаймыз, ал 140 адам қалай тату тұрасыңдар?,-депті.
-Балалар, осының себебін сендер не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар пікірі.
-Өзара түсіністік, Сыйластық, Еңбексүйгіштік, Мейірімділік, Қайырымдылық, Білімділік

1-жүргізуші:
-Ендеше біздің бойымызда қандай да бір жақсы қасиет болса ғана, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ» - Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз.

Ой – толғау:


Екі дос кездесіп, әңгіме дүкен құрады:
Біріншісі:
-«Ұйықтап, жүз жылдан соң оянып, елімнің қандай болғанын көрсем ғой»- деді.
Ал, екіншісі:
-«Менің ұйықтағым келмейді, елімнің болашағын өз қолыммен тұрғызғым келеді»,-деді.


2-жүргізуші:
«Үлкен шаңырақтың» ең басты құндылығы – Тәуелсіздік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен есте қалды. Олай болса тақтаға назар аударайық.


1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет