Ән: Атамекен.
Шағын музыкалық қойылым: Оқушылар шаңыраққа ілінген ленталарды ұстап айналады.
Бекзат Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Мәдина Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Нұрсәт Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Диана Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
Арсен Республикам менің,
Республикам менің,
Абатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
Гүлім : Тілегі бір,
Жүрегі бір.
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
Абдусалам: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
Үміт : Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
Салауат : Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Әсемгүл: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Әлихан : Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз!
О: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
О: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
О: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!
Достарыңызбен бөлісу: |