Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Біз -үлкен ел,үлкен отбасы. Мақсаты



бет11/13
Дата09.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146283
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Үлкен үй

Узбекова Бекзат Исламбекқызы


Қазақ халқы отбасына байланысты мақал –мәтел, қанатты сөздер айтқан. Ал оның тағылымды тәрбиесі бар.
Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер
Жақсының басына іс түссе,
Отбасына білдірмейді.
Жаманның басына іс түссе,
Отбасын күлдірмейді.
***
Отан - қуат,
Отбасы - шуақ.
***
Отбасының өнегесі -
Отан өнегесі.
***
Отбасының сәні - сыйластық,
Достың сәні - қимастық.
***
Отбасынан бас кетсе,
Қазаннан ас кетеді.
***
Отбасына өрт салма.
***
Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
***
Қарындасың – қарлығашың.
***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
***
Төркін десе, қыз төзбейді,
Көкпек десе, түйе төзбейді.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.
***
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
***
Ата – баланың қорғаны.
***
Атаға баланың алалығы жоқ.
***
Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.
***
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.


Біздің тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 100 қазақстандық этностың шамамен 100 қайталанбас ерекшелігі бар және олар біздің біртұтас ұлтымыздың бірегейлігі. Бізде әр этнос өзінің өмір өрнегін басқа этностың мәнерімен байланыстырады. Және бәріміз Қазақстан атты бірегей, түрлі-түсті, баға жетпес ұлы тарихты құраймыз!
«Үлкен ел – үлкен отбасы» сияқты маңызды жобаның маңыздылығын және қажеттілігін, өзінің мысалдарын келтіру арқылы жеткізіп жүрген біздің спикерлерді, әртістерді әр өңір жылы қабылдайды. Болашағы үлкен ел, үлкен отбасы туыстық көзқарас, достық, өзара көмек, бейбітшілік, келісім және қолдау құндылықтарымен өмір сүруі керек.Болашағы біртұтас ұлт – бұл үлкен ел және үлкен отбасы, әр азамат, әр қазақстандық өзінің орнын, қызметін және өмірінің мәнін сол жерден таба алады
Еліміз тәуелсіз ел атану үшін біздің Отандастарымыз, ата-бабаларымыз көп тер мен қан төккен, біздің елдің болашағы үшін өмірлерін қиған. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Абылай сынды еліміздің батырлары жоңғарлармен соғыста ерлік көрсетті. «Желтоқсан оқиғасында» да батырлығымен есімізде қалған ерлер мен қыздар бар. Олар Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Мінеки, осындай ардақты ерлердің қанымен келген келген тәуелсіздік қазақ еліне қайырлы болды. (Батырлардың суреттері көрсетіледі, Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады)
Біздің Отанымыз осы 22 жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:
* 1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.
* 2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
* 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет