Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Біз -үлкен ел,үлкен отбасы. Мақсаты



бет10/13
Дата09.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146283
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Үлкен үй

ӘН: «Ақ көгершін»
2 – жүргізуші: Ұлы Абайдың «Азаматтың бәрін сүй, бауырым» деп айтқан өсиетін, кемеңгер, ойшыл Пифагордың «Жердің жемісін жылына бір көрсек, достың жемісін күнде көреміз» деген сөзін басшылыққа алған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» деп атап өтті.
1 – жүргізуші: «Ел бірлігі –ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегендікпен Елбасы айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің
даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі
Ән: Көк тудың желбірегені.
2 – жүргізуші: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Алатау, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа дауысы кеп жатыр.
2 – жүргізуші: Ендеше, алда келе жатқан тәуелсіздік күні тағы да баршаңызға құтты болсын. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

«Біз -үлкен ел,үлкен отбасы» атты ашық тәрбие сағатында....



Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басымдықтарын айқындап берді


Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі — жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясының жұмысына қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ассамблея сессиясын Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізу игі дәстүрге айналғанын және мұның зор символдық мәні бар екенін атап өтті.

— Бірлік, татулық және бейбітшілік — біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, — деді Президе Мемлекет басшысы жаңа сын-қатерлердың туындауына ықпал ететін геосаяси ахуалдың ушығып тұрғанына тоқталды. Оның пікірінше, мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухты көтеруге баса мән беру керек.

— «Бірлігіміз — әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Осы ретте саяси және қоғамдық плюрализмнің радикалды сипат алуына жол берілмейді. Әсіресе, азаматтарды кемсітуге, олардың ары мен намысын таптауға болмайды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Ассамблея құрылған уақыттан бері азаматтық бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңірді.

— Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жағдайда біздің бейбітшілік пен келісім жөніндегі саясатымыздың берік әрі институционалды тірегі қызметін атқаратынына сенімдімін. Бүгінгі сессияның міндеті — Ассамблеяның саяси жүйені реформалау ісіндегі орны мен рөлін анықтау, оны әрі қарай дамытудың бағытын белгілеу. «Біз әртүрліміз — біз теңбіз» қағидаты саяси жаңғырудың іргелі компоненті деген пікірді ұстанамыз, — деді Мемлекет басшысы.
Барлық құқықтар қорғалған. ASSEMBLY.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://assembly.kz/news/asym-zhomart-to-aev-aza-stan-khal-y-assambleyasy-yzmetini-basymdy-taryn-ay-yndap-berdi/
нт. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің үш негізқұраушы басымдығын айқындап берді. Біріншісі — саяси реформаларды жүзеге асыру ісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін күшейту.

— Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасының жойылуы демократиялық сайлау стандарттарының сақталуына қатысты бірқатар мәселенің күн тәртібінен алынуына септігін тигізеді. Осы ретте Ассамблеядан ұсынылған сенаторлар жалпыұлттық интеграция мен этномәдени әралуандылық негізінде Қазақстандағы этникалық топтардың барлық мүддесін тиімді қарастыратын болады. Мұндай модель Қазақстанның парламенттік жүйесінің халықаралық тәжірибесі мен ерекшелігіне сай келеді, — деді Президент.
Барлық құқықтар қорғалған. ASSEMBLY.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://assembly.kz/news/asym-zhomart-to-aev-aza-stan-khal-y-assambleyasy-yzmetini-basymdy-taryn-ay-yndap-berdi/

Барлық құқықтар қорғалған. ASSEMBLY.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://assembly.kz/news/asym-zhomart-to-aev-aza-stan-khal-y-assambleyasy-yzmetini-basymdy-taryn-ay-yndap-berdi/


1-жүргізуші: Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.
Төле би: Уа, халайық, сөз қадірін білсең,
Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшы болмаса – ел жетім.
Сөз танығыш жастарға он түрлі жұмбағым бар.
Әйтеке би: Биікке шықсаң – көзің ашылады,
Жақсы мен жолдас болсаң, көңілің.
Айтыңыз ұлы аға!
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау – 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
1-оқушы: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би:
1 дегенім – бірлігі кеткен ел жаман,
2 дегенім – егісіп өткен ер жаман,
3 дегенім – үш бөлінген ағайын жаман,
4 дегенім – тұрақсыз дос жаман,
5 дегенім – белсеніп шыққан жау жаман,
6 дегенім – асқынған дерт жаман,
7 дегенім – жас келіншек жесір қалса, сол жаман,
8 дегенім – серпілмеген қайғы жаман,
9 дегенім – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпес, сол жаман,
10 дегенім – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген.
Төле би: Рахмет дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би мына жиналған халайыққа не айтасың?
Қазыбек би: Өркенің өссін десең кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма –
Өркеніңді өшірерсің,
Аллаһуакбар.
Төле би: Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Ту көтерген елім бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер.
2-жүргізуші: Көшеде тулар самсаған,
Көктемнің қызыл гүліндей.
Қазақстан тойын қарсы алам,
Өзімнің туған күнімдей!
1-жүргізуші: Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны міне жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
2-оқушы: Туған тілім – бабам тілім — өз тілім!
Туған тілім – анам тілі — өз тілім!
Оқушыларға актуальдық сұрақтар:
1. Үй дегенді қалай түсінесің?
2. Үйдің жылуы, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің?
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?
Ата - аналар мен тәрбиеленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, тәрбиеленушілерді ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Түрі: сайыс
Барысы
1 - жүргізуші:
Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

2 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата - аналар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Отбасы – өмір аясы» сайысына қош келдіңіздер!
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке – бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқан да сонны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, от анасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды. Бүгін міне осы отбасы арасындағы татулықты, дәстүрді, өнерді жалғастырып келе жатқан отбасылар бар. Олай болса, осы сайысымызға қатысатын жатақханада тәрбиеленіп жатқан балалар мен ата – аналарды ортаға шақырайық.

1. 6 – сынып оқушысы ата - анасы
2. 7 – сынып оқушысы ата - анасы
3. 8 – сынып оқушысы ата - анасы
4. 7 - сынып оқушысы ата - анасы
5. 8 – сынып оқушысы ата - анасы

1 - жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Бердибекова Ж. Ж.
2. Макарова А. А.
3. Наурызгалиева К. А.
Ахметова Аймөлдірдің орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар

2 – жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады:
1 - бөлім — Таныстыру
2 - бөлім — «Сұрақ - жауап» сайысы
3 - бөлім — «Өнерлінің өрісі кең» отбасылар өнерін көрсету
4 - бөлім — «Қылқалам шебері» атты тапсырма сайысы.
5 - бөлім — «Сазды өнер сайысы» атты тапсырма сайысы.
6 - бөлім — «Ұлттық тағам» үй тапсырмасы
1 – жүргізуші: Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

1 бөлім — Таныстыру. Бұл бөлім 5 критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері қаралады.
2 - жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында, Түседі бәйгеге білімділік — деп, сайысымыздың

2 бөлімі — «Сұрақ - жауап» сайысын бастайық. Әр отбасыға дәстүрлі сұрақтар ұсынылады.
Баласына
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырақ иесі кім? ( кенже ұл)
3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
6. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)
7. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14жас)

Ата – анасы
1. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
2. 18 жасқа толмаған адам (бала)
3. «Өзін – өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (С. Назарбаева)
4. Екі адамның бір – біріне деген адалдығы (достық)
5. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
6. Үш арсызды ата? (ұйқы, тамақ, күлкі)
7. Мемлекеттік рәміздерді ата (елтаңба, ту, гимн)

1 – жүргізуші:
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында - демекші
3 бөлім — «Өнерлінің өрісі кең» отбасылар өнерін көрсету бөліміне береміз.
2 – жүргізуші:

4 бөлім — «Қылқалам шебері» атты тапсырма сайысы. Бұл сайыста бала мен ата – ана бірігіп «Біз бақытты отбасы» тақырыбында шағын сурет салады. Алдарыңызға сурет құралдары беріледі.
Терме: «Пра жырау» Амангелді Шұғыланың орындауында.

5 бөлім — «Сазды өнер сайысы» атты тапсырма сайысы. Бұл сайыста 2 отбасын шығарамыз. Әр ұлттың әуендеріне би өнерін көрсету қажет. Қазақ биі, Үнді биі, Лизгинка биі, Орыс биі, Түрік биі.
2 – жүргізуші: 6 бөлім — «Ұлттық тағам» үй тапсырмасы. Бұл бөлімде алдын – ала үйге берілген тапсырма бойынша дайындап келген «Ұлттық тағамды» көрсетіп, оның жасалу технологиясын түсіндіріп

1 - жүргізуші:
Ата - аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата - аналармен бірге, жалпы күш - жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың алты бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша ---------------------- орындауында «Ана жаным» әнін қабыл алыңыздар.

Қорытынды:
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттайды.

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Теректі аудандық лингвистикалық
гимназия жанындағы жатақхана тәрбиешісі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет