Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Біз -үлкен ел,үлкен отбасы. Мақсаты


Гүлім : Тілегі бір, Жүрегі бір. Достармен біз біргеміз. Туыс барда құрыштан да, Берік біздің іргеміз! Абдусалам



бет3/13
Дата09.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Үлкен үй

Гүлім : Тілегі бір,
Жүрегі бір.
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
Абдусалам: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,
Қазақ халқы «Сөздің көркі мақал» деген, өйткені мақал-мәтелдер сөзді ажарландырып, сөйлеушінің ойын басқаларға айқын да айшықты түрде жеткізеді. Олай болса келесі кезеңді бастаймыз.
Адам жатық сөйлеу үшін көп тыңдап, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе тапқырлық пен терең ойдың інжу-маржандары – шешендік сөздерді, мақал-мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу және кітапты көп оқу арқылы жаттығып төселеді. Халықтағы «Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды» деген тұжырым сөз осыдан шыққан. Олай болса, соңғы кезеңде оқушылардың тапқырлық қабілетін сынға аламыз. Яғни, бұл кезеңде қазақтың би-шешендерінің жауаптарын өздерің ойланып, тауып айтасыздар.
Бірде Жиренше шешен жолда келе жатып, алдынан қарсы кездескен бір баладан:
— Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты, балам? — деп сұрапты. Сонда бала: «Бал тәтті, мамық жұмсақ, тас қатты», — деп жауап береді. Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:
— Осы сұраққа мен жауап беріп көрейінші,-деп өтінді.
Ал енді сұрақ: Жиренше шешенннің «Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?» — деген сұрағына екінші бала не деп жауап берген екен?
Жауап: Ананың сүті тәтті,
Ананың қолы жұмсақ
Атаның жүрегі қатты,-деген екен.
Бірде екі адам дауласып Сырым батырға келеді. Олардың «Су атасы не? Сөз атасы не? Жол атасы не?» деген сұрағына Сырым батыр не деп жауап берген екен?
Су атасы – бұлақ,
Сөз атасы – құлақ,
Жол атасы – тұяқ,- деп жауап берген екен.
Төле биден біреу: «Кедейлік неден?» деп сұрапты. Сонда Төле би не деп жауап беріпті?
Кедейлік үш ағайынды.
Оның тұңғышы-кесірлік,
Ортаншысы-еріншектік,
Кенжесі-ұйқы,-деп жауап беріпті.
Қазыбек биге бір адам: «Не қымбат?» деген сұраққа жауап беріңізші деп өтінді. Сонда Қазыбек не деп жауап қайтарған екен?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат,
Мейірімді – апаң қымбат.
Асқар тауың — әкең қымбат,
Туып-өскен ел қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,-деген екен.
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Бүгін – халықаралық отбасы күні. Ал отбасы құндылығы тәлім-тәрбиеден басталады. Сондықтан ата-ананың балаға тәрбеиесінде ұшан теңіз ғибрат аларлық өнеге, қадір -қасиет жатыр. Отбасы ынтымағы, татулық пен бірлік қана болашаққа сенімді кепіл бола алады. «Отбасы –шағын мемлекет» деп халқымыз бекер айтпаған. Сондықтан ынтымағы жарасқан ел болайық. Қазақ халқы отбасына байланысты мақал –мәтел, қанатты сөздер айтқан. Ал оның тағылымды тәрбиесі бар.
Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер
Жақсының басына іс түссе,
Отбасына білдірмейді.
Жаманның басына іс түссе,
Отбасын күлдірмейді.
***
Отан - қуат,
Отбасы - шуақ.
***
Отбасының өнегесі -
Отан өнегесі.
***
Отбасының сәні - сыйластық,
Достың сәні - қимастық.
***
Отбасынан бас кетсе,
Қазаннан ас кетеді.
***
Отбасына өрт салма.
***
Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
***
Қарындасың – қарлығашың.
***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
***
Төркін десе, қыз төзбейді,
Көкпек десе, түйе төзбейді.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.
***
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
***
Ата – баланың қорғаны.
***
Атаға баланың алалығы жоқ.
***
Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.
***
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет