Қашықтан оқыту сабағының жоспары Күні: 25.09.2020жыл
Cыныбы: 5 «в»
Пәні: Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Б.Құлмағанбетова
Тақырыбы: «Жақсы сөз – жарым ырыс» (нәтиже сабақ)
Оқу мақсаты: 5.ӘТН1.Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлеліік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаттары: Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
Оқушылардың сабаққа дайындығы бақыланып, білімлэнд платформасына қосылу мүмкіндігі сұралады.
Қашықтықтан
Ортасы
(20мин)
9-тапсырма. Басқа адамдардың жетістіктерін мойындауды біз қай жерден бастауымыз керек? Неге біз осыны өзіміздің отбасымыздан бастамаймыз? Олай болса, ата-анаңның не болмаса аға-апаларыңның жетістігін бағалап, эссе жаз.
10-тапсырма. «Сөз тазалығы» деген ұғымға қысқаша сипаттама жаз. Сөз тазалығына нұқсан келтіретін басқа тілден енген сөздер, дөрекі сөздер, жергілікті сөздер тәрізді нормаға жатпайтын сөздерге мысал келтір.
11-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Үндестік заңын сақтап оқы.