Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі.
Оқытушы дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс – технология
Кейс технологиясы
(Ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
- Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге
- Жұмыс дәптері.
- Анықтама.
- Оқу, аудио, бейне материалдары.
- Бақылау және емтихан материалдары.
Кейс – технология арналған материалдар түрлері мыналар:
Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:
- Курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;
- Пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.
- Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
- Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
- Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).
- Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.
- Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.
Білім алушы, оқытушылар, әкімшілік
арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні
қолдануға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |