ХИМИЯ ПӘНІНЕН 4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 25
Тапсырмалар түрлері:
КДЖ – Көп дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар;
ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 10 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |