Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі
бет 70/110 Дата 06.06.2020 өлшемі 1,16 Mb. #72535
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы
Білімділік міндеттері:
Оқушының білімді, іс-әрекет амалдарын меңгеру сапасын анықтау.
Оқушы біліміндегі , іс-әрекет тәсіліндегі кемшіліктерді табу. Байқалған кемшіліктердің себебін анықтау.
Оқушылардың бағалаушылық мүмкіндігін дамыту.
Оқушы білімін және іс-әрекет амалдарын жан-жақты тексеру.
Жалпы оқу мүмкіндіктерінің қалыптасуын тексеру.
Білімділік міндеттердің орындалу көрсеткіштері:
Оқушы білімнің дұрыстығы мен көлемі ғана емес , тереңдігі , түсініктілігін мұғалімнің тексеруі.
Оқушылардың белсенді іс-әрекеттері.
Білімділік міндеттердің орындалу шарттары:
Оқушылардың білім деңгейін , іс-әрекет амалдарын бақылауда түрлі әдістерді пайдалану.
Білімнің жүйелілігін, түсініктілігін, тиянақтылығын бақылауда мұғалімнің сұрақтар қоюы.
Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін өзі бағалауын түсіндіруі.
Бағалау кезінде жауаптың дұрыстығынан басқа оның
өзіндік ерекшелігін , оқушының тапқырлығын , ізденуге талпынысын және тапсырманы орындаудың түрлі жолдарын табуын талдау.
Оқушының жеке субъектілік тәжірибесін ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: