Ашу және жазуға үйретудің



бет95/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

Өлең құрастыру әдісі. Бұл жұмысты екі түрлі тәсіл арқылы жүргізуге болады.

а) дайын өлең жолын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.

Мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде

«Неткен сұлу, неткен көркем,



Осы менің туған өлкем», - ұсынылған жолдар. т.б.

ә) дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:



Эссе жазу әдісі – француз тілінен аударғанда «шағын көлемдегі ойталқы жазу», яғни белгілі бір көріністен алған әсерін, белгілі бір сұрақ төңірегінде ойға түйгенін қағаз бетіне түсіру деген сөз. Эссені жаздыру ойдың сауатты түрде анық қалыптасуына, ой логикасының жүйелі сақталуына көмектеседі. Эссені қолданудың төрт түрлі жағдайын анықтауға болады:

  1. 30 минуттық (бақылау) өзіндік жұмыс ретінде беріледі;

  2. Жаңа материалды бекіту мақсатында 10 минуттық шығарма түрінде қолданылады;

  3. Сабақ қорытындысын шығару үшін және сабақта туған ойларды жазып шығу үшін қолданылады;

  4. Эссені өзіндік шығармашылық тапсырма ретінде, үй жұмысына беруге болады.

Эссе белгілі бір проблемалық сұрақ төңірегінде жеке ұғымдар мен анықтамаларды қолдана отырып, оқушыны ойландыруға мүмкіндік береді. Мысалы, мақал-мәтелдерді өту барысында еңбек жайлы мақал-мәтелді өткеннен кейін «Еңбексіз өмір жоқ» тақырыбына жазу. Эссе жазу оқушыға талқылау мәтінін құрастыруды үйретіп, өз ойын байланыстырып жазуға мүкіндік ашылады. Ой қорытындысын жасап, пікір білдіру әдеби нормадан ауытқымай, ойды сөзбен байланыстыру, сөзді орынды қолдандауға септігін тигізеді .

Балаларды сабаққа қызықтырудың тағы бір жолы сабақты өту барысында оқушыларға шығармашылық тапсырмалардың берілуі.

Мәтін құрастыру – бұл жұмыс сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы ұйымдастырылады.

Шығармашылық жұмыстардың тағы да мынадай түрлерін жүргізуге болады.



  1. Шығарманың мазмұныны өзгертіп әңгімелеу;

  2. Кейіпкерге мінездеме беру;

  3. Мәтін бойынша сурет салу;

  4. Жұмбақ құрастыру;

  5. Шығарманы сахналау. т.б.

    1. Оқудағы үлгермеушіліктің себептері. Зерттеу көрсеткендей,

ақыл-ой дамуының деңгейін анықтау кезінде оқушының оқуға деген қатынасы, қызығушылықтары, өзін бағалауы, танымдық қызығушылығының даму деңгейі, ақыл-ой еңбегіне негізделген жұмысқа қабілеттілігі, дағды, бейім, табандылық сияқты «жеке бас көрсеткіштерін» есепке алу керек. Оқудағы үлгермеудің түрлі себептері бар, сондықтан ақыл-ой дамуындағы артта қалушылық сипатына байланысты үлгермеушіліктің арнайы түрлері айқындалған.Үлгермеудің бастапқы түрі балада ерте жасынан, тіпті мектепке дейін басталады. Екіншісі баланың кіші мектеп жасынан тұрақты байқалады. Үшінші түрі бастауыш сатыдан орта буынға өту кезінде көрінеді.Үлгермеушілік кейде аяқ астынан басталса, кейде баяу, біртіндеп басталады. Мұғалім өзгерісті ерте байқап, баламен жұмыс кезінде жеке тәсілдерді қолданса, алдын алуға болады. З.И.Калмыкова еңбектерінде үлгермеушілердің негізгі екі түрін көрсетеді: бірінші түрі– тәрбиеге көнбейтін, білімінде кемшілігі бар, бірақ оқуға қабілетті. Олардың оқуындағы үлгермеушілік әсіресе, орта буынға көшкенде айқын көрініп тұрады. Бұндай балалардың ақыл-ой қабілеті дамиды, бастауыш сыныпта аса күш жұмсамай оқыған. Нәтижесінде осындай балалар жалпы оқу, білім, білік дағдыларын меңгермейді, білімі жүйесіз, өзін бағалауы тым жоғары. Осы себептерге байланысты оқушы мен мұғалім арасында түсініспеушілік туындайды, оқуға деген ынтасы төмендейді, теріс көзқарас пайда болады. Бұндай балаларға дер кезінде қол ұшын берсе, оқу үлгерімін біршама түзеуге мүмкіндік бар.Баланың өз ынтасы болмаса, қаншалықты қатаң бақылауға алғанымен оқу үлгерімі түзелмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет