Ашу және жазуға үйретудің



бет97/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

Өзіндік жұмыс – оқушының білім, білікті меңгеруі, оларды қолдану тәсілдерін игеруі үшін мұғалімнің қатысуынсыз ұйымдастырылатын іс-әрекеті.

Сабақта өзіндік жұмыс оқу және бақылау қызметін атқарады, сондықтан осы жұмыс түрін сабақтың әр кезеңінде, әсіресе бекіту, қорыту кезеңінде қолданған тиімді. Оқушыларда оқу, оқығанын түсінуде қиындықтар кездеспесе, өзіндік жұмысты жаңа тақырыпты меңгерту кезеңінде де нәтижелі қолдануға болады. Бұл жағдайда оқушылардың танымдық қабілеттері, өзіндік білім алу дағдылары арта түседі. Өзіндік жұмыстың мөлшері нақты белгіленбеген, тек осы жұмысты берер алдында мұғалім оқушылар мүмкіндігін естен шығармауы керек.

1-4-ші сынып оқушыларының мүмкіндіктеріне өзіндік жұмыстың төмендегідей түрлері сай келеді:



    • жаңа тақырып өту алдындағы дайындық жаттығулары (оқулықпен қайталау; кестелермен, үлестірмелермен жұмыс)

    • дайын нұсқаулар бойынша жаңа тақырыпты өзіндік меңгеру;

    • алгоритмдік кесте, ескертулерге сүйене отырып, тақырыпты бекітуге арналған жаттығулары;

    • тексеру, бақылау жаттығулары.

Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: жазбаша, ауызша, ауызша түрі сирек қолданылады. Өзіндік жұмыстың ұзақтығы, оның мөлшері мен күрделілігіне және балалардың оқу, жазу жылдамдықтарына, зейініне, жалпы қабілеттілігіне байланысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет