Ашу және жазуға үйретудің


Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар



бет39/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

15. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар


Дәрістің мақсаты: бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағынан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне талдау жасау.

Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер Жоспары:


  1. Қазақ тілінен алынатын сыныптан тыс жұмыс түрлері.

  2. Жазба жұмыстарын тексеру тәртібі

  3. Бастауыш сыныпта күнделік жүргізу

Бір сабақ үстінде оқушының қызығушылығын толық қанағаттандыру мүмкін емес. Тілді игеруге қажетті тәжірибелік жұмыстарды да жан- жақты қолдануға уақыт аздық етеді . Осы мақсаттарда оқушылардың жеке қызығушылығын және танымдық ынталарын қанағаттандыру үшін, тілдік білік – дағдыларын тереңдету үшін көп қырлы сыныптан тыс жұмыстар жүргізу өте маңызды. Бұндай сабақтарда оқушылар оқулықтағы шектеулі мәліметтерден асып, танымдық көзқарастарын кеңейтуге, тілді байланыс құралы ретінде сезінуге, қазақ тіліне қызығушылығын арттыруға мүмкіндік алады.

Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге, сөздіктерді және ақпараттық әдебиеттерді дұрыс қолдана білуге, ізденіп білімін толықтыруға кеңінен жол ашады.

Сыныптан тыс жұмыстардағы мұғалімнің мақсаттары:


  • оқушылардың қарым- қатынас мәдениетін тәрбиелеу;

  • білім қорын тереңдету және кеңейту, танымдық мүмкіндіктерін қалыптастыру;

  • танымдық қабілеттері зор, дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету;

  • нашар оқитын оқушылардың өз күшіне сенімін тәрбиелеу, ол қасиетті ұштай түсуге баулу;

  • оқушылардың психологиялық қасиеттерін (білім құмарлық, танымқұмарлық, іскерлік, жаңашылдық, еңбекқорлық, ерлік- жігер, қайсарлық, білім алу, дербес талаптылық пен құмарлық) дамыту және жетілдіре түсу.

Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлері сан алуан. Танымдық ертеңгіліктер, пікірталастар, КВН (тапқырлар мен көңілділер клубы), интелектуалдық ойындар (брейн-ринг, лингвистикалық бәйге), қазақ тілінің білгірлері клубының отырыстары, сайыстар (ең жақсы қабырға газеті, қолжазбалар жинағы, қазақ тілі туралы өлең оқу), өребәйге, тақырыптық қабырға газетін шығару т.б. Сыныптан тыс жұмыстар бірін-бірі жоққа шығармайды, керісінше екіншісін толықтырып отырады, оқушының жан – жақты дамуына әсерін тигізеді.

Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар тоқсанына 1 рет өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет